Георг Зиммель. Мәдениеттің мәні не?

ТАНЫМ
5717

Георг ЗиммельГеорг Зиммель

Георг Зиммель (Simmel) (1 наурыз 1858, Берлин - 26 қыркүйек 1918, Страсбург) – неміс философы және социолог. Өмір философиясының кейінгі өкілі және социологиядағы формальды мектептің негізін қалаушы. Берлин университетінің философия факультетін бітірді. 1901 жылдан Берлин экстраординарлық профессоры, ал 1914 жылдан Страсбург университетінің профессоры болып жұмыс істеді. Көзінің тірісінде ең алдымен оның социологиялық идеялары кеңінен танымал болса, ал философ ретіндегі атағы көп кейін танылды. Г.Зиммель өз шығармашылығының әртүрлі кезеңдерінде Г.Спенсер арқылы ерте кездегі позитивизм, Г.Т.Фехнер арқылы натурализм, өмір философиясы, сондай-ақ Г.В.Ф.Гегель және К.Г.Маркс идеяларының ықпалында болды. Г. Зиммельдің рухани дамуын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші натуралистік, екінші - жаңа кантшылдық және үшіншісі - өмірлік философтық (өмір философиясы мағынасында). Г.Зиммель соңына үлкен мура қалдырды, оның ішінде монографияларының өзі - 30 (оның 25-і көзінің тірісінде жарық көрді). Негізгі еңбектері: «Әлеуметтік дифференциация» (1890), «Моральдық ғылымға кіріспе» (1892-1893), «Ақша философиясы» (1900), «Кант. Берлин университетінде оқылған 16 лекция» (1904), «Социология» (1908), «Философияның негізгі проблемалары» (1910), «Философиялық мәдениет» (1911), «Рембрандт» (1916), «Өмір пайымы. Төрт метафизикалық тарау» (1918) және т.б.

МӘДЕНИЕТТІҢ МӘНІ ТУРАЛЫ

Адамның белсенділігінен туындайтын оқиғалардың бәрін де табиғат ретінде, яғни себепті негізделген даму ретінде қарастыруға болады, онда әрбір сол сәттегі кезең бұрынғы жай-күйдің құрамдарынан және қозғалушы күштерінен болады деп есептеледі. Осы тұрғыдан алғанда әлемдік үдерістер мен оның себептілігі табиғи озар байланысына кіретін оқиғалар ағынын тарих демейінше - табиғат пен тарих арасында айырмашылық болмайды. Осы қатардың кез келген мазмұны мәдениетке жатқызылғаннан кейін ғана неғұрлым тар, былайша айтқанда, жергілікті маңызы бар табиғат ұғымын ауыстыру жүзеге асады. «Табиғи» дамудың қатары қандайда бір нүктесіне жеткеннен кейін мәдениеттің дамуымен алмасады.

Жабайы алмұрт ағаштай қатты және ащы дәмді болып келеді. Бүл арада оның дамуы жабайы жағдайда өтеді. Осы сәтте оған адамның еркі мен интеллектісі келіп араласады, жеуге жарайтын алмұрт алу үшін оған әртүрлі эсер етеді. Бұл әрекет ағашты «мәденилендіреді». Адамның психофизикалық жаратылысы тап осындай даму сияқты, тұқым қуалаушылық және бейімделу арқылы әлдебір форма мен мазмұнды еншілейді, олардан технологиялық үдеріс басталады, бұл табылған энергияларды өзінің бұрынғы даму мүмкіндіктерімен бірлесе отырып, ең жоғары биікке көтеруге жәрдемдеседі. Даму күштерінің алмасуы жүретін пункт табиғи және мәдени жай-күйдің арасындағы шекараны білдіреді.

Мәдени жай-күй де өзінің пайда болуының «табиғи» шарттарымен себепті түрде бағытталса, онда, біріншіден, табиғат пен мәдениет бір және сол оқиғаны қараудың екі түрлі тәсілін ғана иеленеді, ал екіншіден, табиғат өз тарапынан, екі түрлі мағынада, яғни себепті байланыстардың және кейінгі бірінен кейін бірі болатын құбылыстардың бәрін қамтитын кешені ретінде, сондай-ақ субъектінің дамуы кезеңі ретінде да көрінеді. Атап айтқанда, ондағы бұрын орныққан қорғаушы күштер онда тікелей таратылады, және ол еріктің өз құралдарымен үстемдік ететін, парасатты осы күштерді алғанда аяқталады, сол арқылы субъектіні ешқашанда қол жетпейтін өзіне өзі берген жай-күйге бастайды.

Егер мәдениеттің осындай ұғымы адамның мақсатты қызметіне сай келетін болса, онда ол ең алдымен бұл қызметтің елеулі ерекшеліктерін көрсететін шекте қажет етеді. Айталық, бір оқушы екіншісінің аяғынан шалғанда, екіншісі құлайды, бұл қасындағы балаларға күлкі шақырады, ендеше біз керемет телологиялық әрекетті көреміз, онда табиғи берілістерді интеллекті мен ерік пайдаланады. Осы ұғымдарды қолдану, былайша айтқанда, санасыз әрекет ететін жағдайлардың қатарына байланысты болады. Олар өздігінен айқындалған болып табылады және тек талдаудың көмегімен ғана көрініс табады.

Мәденилендіру бұрын-соңды мәденилендірілмегеннің болуын, атап айтқанда, «табиғи» жай-күйді білдіреді; әрі қарай, ол субъектіні өзгерту қандайда бір мағынада оның табиғи құрылымдық өзара қатынастарында немесе қозғаушы күштерінде жасырылып тұрады, олар өздігінен емес, тек мәдениет арқылы ғана жүзеге асады. Мәденилендіру затты оның өзіне тән ағымдарын аяқтауға және жүзеге асыруға бастайды.

Алмұрт мәденилендірілген деп есептеледі, өйткені, бағбанның жұмысы алмұрттың табиғи формасында қалғып жатқан органикалық мүмкіндіктерді дамытады, себебі ол ағаштың өзіндік табиғатын барынша ашып береді. Ағаш бағанадан желкен тұғыры жасалса, онда бүл, әрине, мәдениет шеңберіндегі жұмыс болып табылады, бірақ бұл бағананы «мәденилендіру» емес, өйткені, кеме жасаушы ағаштың өзіне тән қасиетке жатпайтын форма жасайды. Оның соңғысы ағаштың мақсатына келмейтін мүлдем жат жүйені таңады.

«Мәденилендіру» сөзінің мағынасы әлдебір жаратылыстың табиғи формасын барынша дамытуды ғана қамтып і қоймайды, ол сонымен бірге бастапқы ядроның дамуын, оның мәнінің сол нәрсенің ішкі мағынасының нормаларына сәйкес аяқталуын, оның терең мәнді ұмтылыстарын білдіреді. Мұндай аяқталу біз табиғи деп атайтын сатыда мүмкін болмайды және ол осы нәрсенің бастапқы күштерін каузальды ашып көрсетуді білдіреді. Ол ең алдымен оған басқа, телеологиялық әсермен жүзеге асады, ол, бірақ, осы нәрсенің бейімділігіне байланысты екенін ескеру керек. Міне, сондықтан ондай эсер етуді мәдениет и п атауға болады.

Осыған орай, дәл мағынасында тек адам ғана мәдениеттің пәні бола алады, өйткені ол әу бастан өзін-өзі игеруге қабілетті тіршілік иесі болып табылады. Оның мүмкіндіктері» тек сырттан қараушы күйінде қалып қоймайды (ол үшін жабайы алмұрт бақта өсетін алмұрттың «мүмкіндігі» болып табылады). Бұл арада мүмкіндіктер тілге оралады, ал оның өзі жан-дүниені дамытуға қабілетті, оның қазіргі жай-күйінде дамудың көзге шалына қоймайтын әлдебір талап ететін, тегеуірінді желілер бар. I тер тіпті бүл желілер бөліктей және тақ түрде болса да, бәрібір байқалмай қоймайды: толық дамуға міндеттену мен қабілеттілік адамның жан-дүниесінің болмысымен тығыз байланысты. Тек онда дамудың мүмкіндіктері болады, оның мақсаты оның дербес мәнінің телеологиясына жатады. Бірақ бұл мақсаттарға іштей жай осу үшін қол жеткізу қиын, оны біз табиғилық деп атаймыз -олар әлдебір нүктеде оларға сәйкес келетін техникаларды талап етеді.

Біз қарапайым организмдерді, өсімдіктер мен жануарларды «мәденилендіру» туралы айтқанымызда - органикалық емес нәрселерге бүл сөзді қолдануға жол беруге болмас еді -онда бұл арада адамдар мен басқа организмдер арасында болатын балама бойынша ауыстырудың болатыны анық. Тіпті егер мәдениет бұл нәрсені басқа жай күйге түсіргеннің өзінде, бұл ондағы о баста орныққан өз күштерімен болады, ал ондай жай-күй онда ешқашан болған емес. Ол табиғи күйінде өзін-өзі жетілдіруге бастайтын ішкі белсенділігі ешқашан болмайды, ал өзін-өзі жетілдіру тек адамға тән.

Ал ендеше бізге қайтадан мәдениет ұғымын тарылта түсуге тура келеді. Тіпті оны адам жүзеге асырғанның өзінде ондай жүзеге асырудың бәрі бірдей мәдениет бола қоймайды.

Жандүниені дамыту сыртқы эсер арқылы немесе трансцендентальды күштермен, басқа жеке тұлғалармен тікелей этикалық, эротикалық, суггестивтік байланыстар арқылы болуы мүмкін. Мұндай даму мәдениет ұғымына сай келмейді. Діни көзқарас, өнегелілік қасиет, жеке тұлға адалдығы тәрізді оған тән міндеттер мен тіршілік ету тәсілдері - осының бәрі инстинктік ұлылықтың немесе өзін өзі тәрбиелеудің нәтижесінде жандүниеде дами түсетін құндылықтар. Бұл арада мәдениет ұғымындағы орныққан орындалады: жеке бастың қабілеттіктері өзінің табиғи сатысынан жоғары деңгейге дейін дамиды, бүл орайда жандүниенің жоғарғы энергияларының эсер етуі осы күштерді жеке тұлғаға және оның идеясына баратын бағытқа бастайды - бірақ, міне, сондықтан мәдениет ұғымы басы артық болып көрінеді.

Мәдениетке жататын осындай дамудағы адам өзіне әлдебір нәрсені сырттан тартады. Әрине, «мәденилендірілу» жандүниенің жай-күйі, бірақ ол мақсатты белгіленген объектілерді пайдалану арқылы қол жеткізеді.

Бұл сыртқы түр мен объективтілікті кеңістіктегі мағынада түсінуге болмайды. Индивидті қоғамның лайықты мүшесі ететін мінез-құлық мәнері, талқылаулардағы нәзік талғам, өнегелілік әдептілік, - мұның бәрі мәдени білімдер, олар индивидті өз-өзіне оның сыртында жататын ақиқат және идеалдық салалар арқылы бастайды. Бірақ бұл таза имманенті үдеріс емес, өйткені, ол субъект мен объектінің өзара теңдестірілуі және телеологиялық қиылысында жүзеге асады. Объективтілікті субъективтің жандүниенің даму үдерісіне тарту жоқ жерде, өзінің болуына, өз-өзіне баратын жолда құрал мен кезең арқылы тәрізді, ол арқылы өтпейтін жерде, сонда ғана ең жоғарғы құндылықтар іске асырыла алады, бірақ бүл мәдениеттің өз мағынасында мәдениеттің жолы болып есептелмейді. Сондықтан өзін-өзі жетілдіруді іздеуде өзінің жандүниесін айналып өтетін, өзіне шамадан тыс жүк артқан мінездер сыртқы дүниемен кез келген қатынаста қаймығады және мәдениетті жек көруі мүмкін.

Мәдениет ұғымындағы элементтердің қажетті екі ұдайылығы объективті жағынан айқын көрінеді. Біз көркем, өнегелілік, ғылыми және шаруашылық шығармалардың көбін мәдени құндылық ретінде көрсетуге бейімбіз. Олар солай болуы да ғажап емес: бірақ олар өздерінің таза пәндік, басқаша айтқанда, өзінің дербес мағынасы жағынан ғана солай болып шықпайды. Жекелеген шығарманың мәдени маңызы сол пәндік саланың ұғымына сәйкес жасалған қатарда оның алатын маңызына сәйкес келмейді. Айталық, өнер туындысы мүлдем әртүрлі дәрежелер мен нормаларға жатады делік, онда ол өнер немесе эстетика тарихының категориялары мен қатарларында қарастырылады, немесе бүл оның мәдени құндылығы туралы мәселе қойылғанда қатысты болады.

Сонымен қатар осы үлкен қатарлардың кез келгені ретінде өзі үшін кез келген түпкі мақсат ретінде әрекет етеді - демек кез келген жеке шығарма жалпы құндылықтың бірінің образы болып табылады - демек мәдени қатарға қайта орналастыру кезінде бәрі де индивидтің немесе олардың жиынтығының тұтастай дамуы үшін құндылық тұрғысынан мүлдем басқа түрге ие болуы мүмкін. Өзінің негізінде бола отырып, осы құндылықтардың бәрі мәдени қатарға ауыстырылуға қарсыласып бағады: көркем шығарма өзінің таза көркемдік талаптарына жауап беруге ғана тырысады; ғылыми зерттеулер өздерінің нәтижелерінің дұрыстығын дәлелдеуге ұмтылады; шаруашылық өндіріс өнімнің қажеттілігі мен пайдалы болуына ғана бағытталады. Өзінің «табиғи» дамуының шектерінен шыға отырып, осы ішкі және сыртқы білімдер телеологиялыққа айналады және сол арқылы мәдени кұндылықтар ретінде көрініс табады. Бірақ олар өзінің дербес заттылығында әлі де ондай болып табылмайды, өйткені, олар олардың мазмұнының айырықша объективтілігіне қатысты идеалдар мен нормаларға жатады, бірақ олардың жеке тұлғасы орталығының талаптарына қатысты емес. Тек соңғы жағдайда жеке тұлғаның дамуы үшін, яғни мәдени құндылық ретінде, өзін көрсетуі туралы одан кейінгі мәселе туындайды. Сондықтан олардың қол жеткізген мәдени құндылықтар әлеміндегі биіктігі біздің нәрсенің тек бір жағын ғана құрайтын, олардың пәндік мүддесін білдіретін өзіне тән ерекшелігі бар талаптарға сәйкес келмейді. Олар біздің жеке мақсаттарымызға жарамды болуы мүмкін, бірақ біздің тұтас тіршілігімізге, біздің Меннің дамуы үшін берері өте аз. Және, керісінше, олар заттық, техникалық тұрғыдан жетілмеген және маңызы төмен болуы мүмкін, бірақ бүл орайда біздің жаратылыс өзінің қажет ететінінің бәріне - үйлесімге жетеді.

«Біртұтастық» көп нәрсенің өзара іс-қимылы және серпінді өзара қиылысуы, байланысы, тепе-теңдігі болып көрінеді. Біздің өзімізде де бірігудің нүктесі осындай: оның ішкі маңызы мен күші мәдени үдерісте өзіне жоғары және жетілген объектілерді тарту жолымен іске асады. Бүл біздің тіршілігіміздің жекелеген жағдайлары тығыз өзара әрекет етеді дегенді білдіреді, онда әрқайсысы өзіне басқаны әкеледі, онда барлық тіршілік күштері бір-бір үйлесімдік тепе-теңдікке әкеледі, ал тұрақты өзара алмасу жүреді. Біз көп білгенімізбен немесе көп нәрсе қолымыздан келгенімен бұл біздің мәдениеленуіміз емес. Мамандану объективті мазмұнды әзірлеуде қандай биік дәрежеге көтерілсе де мәдениет бола алмайды. Осы біржақты жетілулер адамның жандүниесінде бір ретке келтірілсе, неғұрлым жоғары сатыға көтерілген элементтердің әртүрлі сапасы теңдестірілсе, сонда ғана мәдениет пайда болады. Қысқаша айтқанда, барлық осы жетілулер біртұтас бірліктің іске асуына жәрдемдеседі. Пәндік, мамандандырылған қатарлардың категорияларымен айқындалған барлық осы жасағандар мен қабылдаулар, бір-біріне араласпай тұрып, өзінің мазмұнымен мәдениет категориясына жатады, яғни біздің ішкі тотальдігіміздің дамуына қызмет етеді.

Мұндай бөлушілік парадоксалды факт екені анық: әртүрлі салаларда жасалу жоғары болған сайын (жасалулар ең алдымен өнердегі, діндегі, ақылға салудағы бүкіл жеке тұлғалық тәртіп), олардың мәдени құндылығы соғұрлым көп азаяды. Бізді таңғалдыр атын ең ғажап деген туындылар мен ойлар өзінің жүйесінде мазмұнымен ерекшеленеді, ал олардың мәдени маңызы соңында қалып қояды. Олар біздің мәнге тартылу кезінде барлық басқа құндылықтармен бірлесуге қарсыласады. Олар өзінің аймағында, мәдениет факторлары, жандүниені тұтастығын жасау құралдары ретінде есептелуі тиіс қызмет категориясына ену үшін өздерін қожайын сезінеді.

Жеке тұлға өмірі тікелей көрсетілген мәдениет шығармаларының тақырыптары бойынша оны біз анық көреміз. Шығарма субъективтік сиқырдан алыстаған сайын оның шығармасы объективті, ретті бола түседі, сөйтіп, оның өзіндік мәдени маңызы артады, көптеген индивидтердің жандүниесін қалыптастыру үшін жалпыға ортақ құралға айналады.

Бұл арада әңгіме көркем шығарманың «стилі» жағдайына да қатысты. Өнердің ұлы туындысы жанды баурап әкеткенде оның стилі туралы ойлануға да мұрша болмайды. Өйткені, стиль көптеген экспрессияны біріктіріп бейнелейтін жалпыға ортақ тәсіл болып табылады, - бұл мазмұннан ажыраған идеалды форма. Өнердің ұлы шығармаларында, бірақ, форманың жалпы іргетасы мен ерекшелігі бірегей құбылысқа айналады, оның туғызған эсерлері кейінге жылжиды. Ол әлдебір стильдің үлгісі ретінде емес, тұтас болмыс ретінде қабылдауды талап етеді.

Ұлының және жеке тұлғаның шын мәнінде мәдени дамуы шын мәнінде қаншама маңызды бола тұрса да мәдениет категориясы үшін олар бірінші кезекте бола алмайды. Бүл категория өзінің мәні жағынан неғұрлым жалпы, неғұрлым тұлғасыз шығармаға жатады, олар субъектіден үлкен қашықтықта объективтендіріледі, сондықтан жандүниенің дамуы жолында «өзінің бас пайдасынан бас тарту» арқылы аялдаулар жасайды.

Мәдениет өзінің өмірлік мазмұны жағынан тоғысқан желі, онда субъект мен объект қиылысады, осы ұғымның екі түсіндірмесі бар. Объективті мәдениет ретінде өзінің жасалуында, өзінің көтерілуінде, іске асуында жандүниенің жетілуіне бастайтын, не индивид немесе қоғамдастық неғұрлым жоғары деңгейге баруы тиіс жолдың кесіндісін белгілейтін белгі болуы мүмкін. Мен субъективті мәдениет дегенді жеке тұлға дамуының қол жеткен шамасын айтамын, ал сондықтан объективті және субъективті мәдениеттер тек ауыспалы мағынасында о бастан үйлестірілген ұғымдар болып табылады. Ал осында таза табиғи үдерістің шегінен тыс мәндердің дамуының шығуы туралы идеяларды басшылыққа ала отырып, жеке құштарлықтарын иеленген мәндердің жетілуі туралы әңгіме болып отыр. Осыған жәрдемдесетін адамзат күші бүл арада аталған мақсаттың құралы ретінде көрінеді Заттарды, қоршаған нәрселерді мәденилендіру туралы айтқанда, біз адамда болатын ақиқат мәдени үдерісті кері айналдырып жібереміз. Бұл үдеріске заттардың дамуы теңеседі, ол өзінше телеологиялық болып табылады, ал сонда үдерістің өзі табиғи және телеологиялық сатыларға бөлінеді, онда оның соңғысы жеткілікті және түпкілікті болады, ондай көтерілуді немесе осы жолдағы кесіндіні пайдаланушының - адамның қызметіне араласады.

Дәлірек айтқанда, дейтұрғанмен, мәдениеттің қолданылатын осы екі ұғымы бір-біріне онша ұқсамайды. Субъективті мәдениет - басымдық танытатын түпкілікті мақсат, ал оның шамасы барлық осы объективті игіліктер мен жетілулердегі жандүние үдерістерінің қатысу шамасы болып табылады. Әрине, субъективті мәдениет объективтіксіз бола алмайды, өйткені, субъектінің дамуы немесе жай-күй мәдениетті болатыны соншалықты, субъект қаншалықты өзінің өмірлік жолына оның қайта өңдеген объектілерін қосуына байланысты. Сонымен қатар объективті мәдениет субъективті мәдениетке қарағанда салыстырмалы дербестікке ие болады, өйткені, онда «мәдениеленеді», яғни мәдениеленген объектілері құрылады, олардың мәні субъектілермен бөліктей ғана қажет етіледі. Жалпы даму және еңбек бөлінісі дәуірінде мәдени жетістіктер өзіндік мәні қатарлармен көбейеді, заттар жетіліп, руханиланып, заттардың ішкі логикасы бойынша мақсаты айқындала түседі, бүл субъектінің мәдениеленуімен қатар жүрмейді Ол заттардың объективтік саласы кеңи түсетін, оның сансыз қызметкерлері арасында бөлінген дәрежеде өсе алмайды. Тарихи даму мәдениеттің заттық жетістіктерінің үлкен дифференциациясына жүреді, ол индивидтердің мәдени жай-күйлерінің көп түрлілігі тәрізді болады. Қазіргі өмірдің диссонанстары - әртүрлі салаларда техникамен байланысты ерекшеліктердің бәрі, және сонымен бір мезгілде техниканы қанағат тұтпау, -мұның бәрі заттардың барған сайын мәдениленуінде болып отыр, ал адам со л кезде объектілерді жетілдіру көмегімен субъективті өмірді жетілдіруді иеленуде қабілеті төмен болып қалуда.

Зиммель Г. О сущности культуры // Избранное. Т. I,

Философия культуры. М.: Юристь, 1996. С. 475-482.

author

Георг Зиммель

ФИЛОСОФ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...