Республика күні: егемендік пен еркіндіктің мерекесі

Сурет ашық дереккөзден алынды

ТАНЫМ
188

Республика күні – қазақ халқының егемендігі мен тәуелсіздігінің белгісі, ұлттың рухани құндылықтарын еске салып, тарихи жолын ардақтайтын ерекше мереке.

25 қазан – Қазақстан үшін егемендіктің алғашқы қадамы болған күн, себебі 1990 жылы Қазақ КСР-і мемлекеттік егемендігі туралы декларацияны қабылдады. Бұл декларация Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуға бет алғанын алғаш рет ресми түрде жариялады. Ресми құжатта Қазақстанның өз территориясының біртұтастығы, заңдарының үстемдігі және ұлттық мүдделерді қорғау құқығы көрсетілді. Оған қоса, республика өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізу құқығын мәлімдеді. Декларацияның қабылдануы – Қазақстанның өз егемендігін заңды түрде бекітіп, әлемдік аренада өз орнын иеленуге бағытталған маңызды тарихи кезеңдердің бірі. Республика күні еліміздің әрбір азаматы үшін өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді нығайтатын күн.

2022 жылы Республика күні ұлттық мереке ретінде қайта жанданып, тарихи маңызы бар күн ретінде атап өтіле бастады. Бұл мерекенің қайта жаңғыртылуы – еліміздің өткен тарихын құрметтеу, тәуелсіздікке апарар жолдағы маңызды қадамдарға бас ию, сондай-ақ болашаққа сеніммен қарау мақсатында қабылданған маңызды шешімдердің бірі болды.Республика күні – тек өткенді еске алу ғана емес, сонымен қатар қазіргі ұрпаққа еркіндіктің, ел мен жерге деген сүйіспеншіліктің, ұлттық құндылықтардың маңызын жеткізетін күн.

Еліміздің әрбір  азаматы осы мерекеде өз елінің жетістіктерін мақтан етеді, ұлттық мәдениеттің, тіл мен тарихтың сақталуы мен дамуына өз үлесін қосуға тырысады. Республика күні – Қазақстан үшін тәуелсіздік жолындағы маңызды күн. Ол халқымыздың ұлттық бірегейлігін нығайтып, жастарға елге деген құрметті, жауапкершілікті, рухани құндылықтарды дәріптейтін мереке. Бұл күн – еркіндікке деген сүйіспеншілікті қайта жаңғыртып, ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыратын ерекше сәт.

    Әл Фараби атындағы ҚазҰУ  Заң факультеті  қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы еліміз үшін атаулы күнде түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып, мәдени-көркем бағдарламалар, көрмелер, салтанатты жиындар өткізді.

                                                                               Мухамадиева Г.Н

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық

іс жүргізу және криминалистика кафедрасының доценті,з.ғ.к

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...