Жапондықтардың су ішіп емделу тәсілі

ТАНЫМ
1429

Су — табиғаттың теңдесіз сыйы. Адамзат жаратылғалы бері суды пайдаланып келгенімен, оның қандай қасиеттерге ие екенін әлі де толық білмейді.

Ғалымдар судың адам бойына қажетінше жетіспеушілігінен көптеген аурулардың туатынын дәлелдеген. Барлық элементтер мен микроэлементтер еріп, қанға қосылып жасушаларға орнығады. Мұның барлығын зат алмасу жүйесінде реттеп отыратын су болып табылады. Сұйықтықтың жетіспеушілігінен зат алмасу бұзылып, салдарынан аурулар пайда болады.

Бүгінде жапондықтарда ұйқыдан ояна сала су ішу әдетке айналған. Суды күнделікті дұрыс мөлшерде тұтыну арқылы мынадай аурулардың алдын алуға болады: бас ауруы, буын сырқырауы, жүрек ауруы, артрит, жүрек соғуының жиілігі, эпилепсия, семіздік, бүйрек ауруы, лоқсу, гастрит, іш өту, геморрой, диабет, іш қату, көз ауруы, құлақ, тамақ және мұрын ауруы.

Емдеу тәсілі

— Таңғы ұйқыдан оянған соң 160 мл*4 стакан су ішу (тісті тазалаудан бұрын).

— Артынша тісті тазалағаннан кейін 45 минут ішіп-жеуге болмайды.

— 45 минуттан кейін әдеттегідей таңғы асты жеуге рұқсат.

— Таңғы, түскі және кешкі астан кейін 2 сағат ештеңе ішіп-жемеген абзал.

— Сырқат немесе қарт адамдар 4 стакан суды бірден қабылдай алмаса аз мөлшерден бастау керек.

Осыларды күнделікті қолданып жүрсеңіз жоғары қан қысымнан 30 күн ішінде арыласыз, гастрит пен іш қатудан 10 күнде айығасыз. Артриді бар сырқаттар жоғарыдағы тәсілді бірінші аптаның ішінде үш күн жасап (арасын үзсе де болады), келесі аптадан бастап күнделікті өмір салтына қосқан жөн.

Бұл әдістер кері әсерін тигізбейді, алайда алғашқы күндері кіші дәретке шығу жиілеуі мүмкін.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...