Алмат ҚУАНЫШБАЕВ, «Grand Master» бағдарламалау мектебінің негізін қалаушы және жете...
Сұраған Рахметұлы. Жаһандық жаңа жанжалдың басы
...ҚХР-сы әскери қаржысын жылдағыдан неше есе қосып жіберді.
Олар Транс-Еуразиядығы Greater China жасау жолына бар игілігін төгеді!? Жасанды интеллекті (құлтемірлер) сайысы.Тіпті теңіз әскеріне жаңадан құлтемірмен сайланған 100 кеме сатып алды. Сәуірдің 7 күні Қытай армиясының 15 ұшағы Тайваньнің Әуе қорғаныс белдеуіне басып кірді. Ұшақтардың 12-сі типыл жойғыштар. Тайваньнің Сыртқы қатынас министрі «бізге қытай майдан ашса, ақырғы қасық қанымыз қалғанша қарсыласамыз» деп шырқырай мәлімдеме жасады. Тырқырата қуамыз деп басып айта алмайды!?
Қытай Тайваньді 2025 жылға дейін иеленетіні туралы China News сайты ашық жазады. АҚШ болса1.8 млрд долларға тең қару-жарақты Тайваньға енгізуге шартқа қол қойды. Американың U-2 dragon ledy, ARTU деп аталатын жасанды интеллект алгоритммен істейтін құрылғылы құлтемірлерді қолданылуы мүмкін.
Осы аралықта Сергей Лавров Қытайға барып қалаған бұйымтай шаруасын бітіре алмай қайтқанға ұқсайды. Қабағы түсіңкі, жүзі қатыңқы қайтты. Қытай қашаннан өз мүддесіннен айнымайды да көршілес көп елдермен сүйемдей ғана жер үшін даулы болса соны өлгенше қаузай беретін жеркөс. Таурихат солай... Мінеки.
УССУРИ ДАМАН АРАЛЫ ЧЖИНЬБАО
...Орыстың азуын айға білген Кеңес кезінде 1950 жылы Уссури дариясы Даман аралы үшін Орыс пен Қытайаралық текетірес басталған. Сөнеу 1964 жылға дейін орысқа аузын бағып келген Маозедун кенет Еуразиядан шегініп 1969 жылы 2 наурыздан бастап бұрынғы сыбайласы Мәскеуге қарсы шекараға өз әскерін енгізген. Бұл күні Орыстың Иван Стрельников бастаған заставаның өрімдей 31 шерігі мәйіт болып, наурыздың 15 күні тағы да 27 солдаты қаза болған.
Орыстың әскері бұрқанып, жаңа танкпен және «Град» шұғыл зымырандарымен атқылап Қытай әскерін күшпен кері шегінуге мәжбүр еткен. Орыстың бар шығыны; 58 солдат оққа ұшып 94 жаралы қалған. Соңыра қарапайым аға лейтенант және бір саптағы сержантқа КСРО батыр атағы берілген. Қауіпсіздік тараптарынының ақпараты бойынша қытайдың 248 солдаты қырылғанын хабарлаған. Қытай өз шығыны туралы жасырып айтпағанымен әуелгіден кейін 800 шерігін жоғалтқаны туралы мәлімет анық болған.
Қақтығыс салдары күні бүгінге дейін, ал саяси салқыны неше жылға жуық жалғасқан. Аңдысқан екі алпауыт осылай жылдар бойы арбасып келді. Қытайдың түпкі мақсаты 2055-2060 жылдары Ресеймен талас аралдарды түгел басып алуды көздейді...
Бұл China News сайтында жарияланған анық хаһи мәлімет һәм арманы. Түркияның профессоры Садеттин Гомеш «Тарихи және бүгінгі Тоба түріктері» (Tarihte ve günümüzde Tuva Türkleri) (2002) еңбегінде Ресей мен Қытай арасындағы бүгінгі Туваның төңірегіндегі буферлік амалға деген Қытайдың ниетін де ашық жазады. Бұның да өз кілті мен коді бар геосаясат еді!?
Совет ыдырап ТМД болғаннан кейін Сібір,Қиыр Шығыстағы (иен қалған жұрт секілді) миллиондаған шарша шақырым жерлер жатты. Осы жерлер үшін Қытай көзін сүзе бастағаны тіптен белгілі...
ҚЫТАЙ ВЬТНАМ МАЙДАНЫ
...КСРО-ның күшті ықпалымен 1975 жылы екі Вьетнамның біріккен салтанатты рәсімі өтті. Бұдан әрі Вьетнамда тыныштық орнап,жалпы саяси-экономикалық жылымық келді. Комбоджада қызыл Кхмерлердің бағы тайқып, Пол Поттық әсіре тәртіп келмеске кетіп,Кенг Самриннің таққа онығуы Қытайдың қитығына тиді. Дүниені еңсере бастаған Совет- Вьетнам достығы 1978 жылы рәсми ұлықталып, қызыл туға қадалған бесбұрыштар желбіреді. Осынау 1955-1975 жылдар арасындағы соғыста әбден титықтаған Вьетнамнің бас көтеруі ~ Қытайға мүлде жақпады. Мінеки осы сәтті қатты ашуланған Дэн Сяопин 1979 жылы 17 ақпанда Қытай Азаттық армиясының 200 мың шерігімен Вьетнамның шекара шебіне қарай майдан ашып, шабуыл жасады. Вьетнам Халық армиясының 70 мың жанкешті партизаннан құралған 150 мың қол олардың қарсы алдынан қарсы тұрды. Екі жақтан да орасан шығын болды. Қытай шамамен 26 мың шерігінен айрылып, 37 мыңы жаралы қайтты. Вьетнамнан 30 мың шейіт, 32 мың жаралы қалды. Ле Зуан (1907-1986) өз еліне қорған болды! Неңізі бұл жолы да айтарға болмаса Вьетнам жеңіске жеткен-ді.
Бірақ, Қытай мұны мойындамай 1980 жылы маусымда, 1981 жылы мамырда, 1984 жылы сәуірде, 1985 жылы маусымда,1986 жылы желтоқсанда, 1987 жылы қаңтарда қайта-қайта өшпенділік өртін қаузаса да онша нәтиже шықпады 1988 жылы соғыс өрті шамалы ғана өшіріліп, бықсығы қалған-ды. Қытай 2011 жылы Вьетнамнің иелігіндегі Спратли (Spratly) аралы үшін тағы да жармасып, қақтығысты.
Оңтүстік Қытай аралындағы осы Дауыл аралын 2040 жылға дейін басып иеленбек!? Егер осы аралға төніп қытайдың түмен қолын төгетіні рас болса Вьетнам, Малайзия, Филиппин, Брунейді қамтыған бәлекетті азаматтық майдан орын алары сөзсіз.Себебі; бұрынағы Вьетнам болашақтағы соғыстан тіпті қайтпайтыны ~ аксиома. Вьетнамның соңғы кездегі бүрленіп келе жатқан эгалитарлық үскініне жұрты үлкен үмітпен қарайды деген сөз.
НАТО мен САРМАТ
...Осы секілді болжаусыз майдан, қарулы қақтығыстар салқыны жақыннан біліне бастады. Украина мен Донбассқа қарай жинаған ЗРК «Панцирь-С-1»,«ТОП» соғыс жарақтары мен қоса тіпті Гүржістан, Молдван маңына әскерлерін шоғырландыра бастаған Путинге Байден де алаңдаулы!
Ресейдің триллионшыларына АҚШ бұғат салды.Кибершабуылға қатысы бар отыз шақты адамдар санкцияға ілінді.Қырым аннексиясы және агрессияға жол жасалды! Ұлыбритания да осы мамырда теңіз флоты кемелерін Қаратеңізге қарай жөнетпек.
Орта және жақын нысанаға оқталған зымырандары Ресейдің ең ірі өндірісті қалаларына қарай қауіп төндіруде. Ресейдің Еуропа түстігіне қарай батыс Атлантия шығанағы арқылы АҚШ пен НАТО 4000-ға жуық әскерін орналастыра бастады. Қорғаныс министрі Сергей Шойгудің бұл «үрейін» «РИА Новости», «Ройтерс» агенттігі және Washington Post сілтемелері жарыса жария етті. Путин де Джо Байден де екі жақтан «стратегиялық тұрақтылықты қорғау» үшін бір-біріне телефон соқты дейді...
Осы «геотұрақтылық үшін» АҚШ В-2, В-3, В-21 стратегиялық бомбалаушы ұшақтарын қолданбақ!? Ресей құрлықаралық РС-28 «Сармат» немесе Р-36М «Сайтан-2» зымыранын сынамақ. Ұзақтық нысанасы 18 мың шақырым,бір секунтта 7 шақырымға жылдам қарқындайтын құрылғының салмағы 2 тонна, 35 метр ұзын. Авангард құрлықаралық лазерлік зымыраны спутникті жоя алатын қанатты сайтан қару.
Бұндай радио-электронды құрылғыны (ЕА-18G) АҚШ та 2014 жылдан бері қолданады екен. «Авангард» кешені туралы соңғы жаңалықтары да тұлай. Әйтеуір жанталысып қаруланудың жорығы енді су жаңа АҚШ пен Ресейдің арасында суыт өрби бастады. Орыстың қанатты зымырандарының кешені «Искандер-М» сақадай сайланды. Тағы да «Кинжал»-дағы дауысынан жүйрік ұшақтары не үшін... «МиГ-31» ұшақтарының базасы Еуропаға қарай бақылау жасайды!? Бұл болашақтағы қасірет елесі!
ЯДРОЛЫҚ АЛПАУЫТ БӘСТАЛАСТЫҚ
...Ресей мен АҚШ тарапы бір кезде ядролық қаруды азайту геосаяси ойыны бойынша шартқа қол қойып шартарапқа жар салғанымен шамалы жылдардан кейін тараптардың өзі бастаған келісімшарттың уақыты «әлдеқашан біткен» еді. Осы сәттен бастап АҚШ ядролық қаруды жаңғырту әрекетіне нақтап кіріскен. Тек қана ядролық жаңа,жаңғыртылған технологияны ұштап өркендету үшін 1.5 триллион доллар жұмсады да дүниежүзі елдерінің алдына шығып кетті.
Дмитрий Литовкин сараптамалары бойынша алпауыт нәтиже: келер таяудағы ширек ғасырда қаншама сүңгуір кемелердің жаңа үлгісімен көрінеді АҚШ жағынан. Осы туралы ТАСС агенттігі ақпараты арқылы алыс, жуықтағы дүйім елдер түгел хабарланды да. Кеше ғана бірінің жағасын бірі жыртқан Ресей мен Қытай бүгін шамалы мүдделеспек. Хош дейік! Бірақ, ежелден ата жау болған екі алпауыт ұзақ уақыт бір өрісте бейкепіл тұра алмайтыны айдай аян.
ЕКІ КОРЕЯ ~ ЖАЛҒЫЗАЯҚ ЖОЛ
...Себеп бүгін екі Корея бірігіп бүтін елдеседі.Өзге жол жоқ. КХДР Пёньян аштықтықтың соңғы шеңгеліне таяды.Қырылғаннан біріккені тыныш.Тарих та солай Комбоджа, Лаоста өрт тұтанып, екі Вьтнамды қосқан, Еуропа елдері дүрліккенде екі Герман бірікті. АҚШ-қа осы геосаяси жағдай қажет. Қос Кореянің Жер көлемі 219.140 шаршы шақырым, шекара сызығы недәуір, жан саны 80 млн-ға жуық шамамен.
Сол үшін олар В-12 Spirit, RockweLL B-1 Lacer ұзаққа түсетін жойғыштарын даярлап, оқтап жібермек. Сол үшін балағына дейін моншақ таққан мыңдаған генералдарды асырайды. АҚШ-тың солтүстік батыс Азияға қойылған әйгілі №7- флоты Жапония, оңтүстік Кореяны бақылауына алғалы қашан!? Гуам аралындағы (1944) кешендері тіптен күшті. Ендеше КХДР-ның нөмірі бірінші сенері не!? Әрине Қытаймен 1961 жылғы бітім-шарты.
Алайда, Ким Чен Ын соңғы кезде күйреуге таяу экономикасына қиналып жүргендей. Егер АҚШ-пен соғысса орасан шығынға ұрынуы мүмкін. Екінші сенері: көп болмаса да дөп өз қаруының күші. Global Firepower сараптамасы бойынша әлемдік 138 мемлекетте әскери күш-қуаты рейтингі жағынан АҚШ бірінші, Ресей екінші, Қытай үшінші, Үндістан төртінші, оңтүстік Корея бесінші, Франция мен Ұлы Британия алтыншы, Жапония жетінші Пәкстан сегізінші тізімде тұр.
Солтүстік Корея өзі жиырма бесінші орында! Бұл да 1.1 млн әскерлі армиялы елге төмен көрсеткіш емес. Егер соғыс бола қалса Пхеньяннің әскер саны шамамен 4.5 млн-ға жетіп Сеулді күйретуі ғажап емес. АҚШ-қа тосын сый жасау үшін олар соғыстың соңғы шүрпесін басуға даяр секілді. Әскерсіз аймаққа таяу жерде 8000 зеңберектері құрулы тұр. Ресеймен шекара шебі 40 шақырым ғана. Ресейдің де мүддесі бар.
ЖАПОНИЯ СЕНКАКУ
...Жапония мен Қытайдың талас өңірі Сенкаку (Дяоюйдао) аралы. Өліспей беріспейтін арал жөнінде Токио қатаң саясатын мәлім еткен. Жапония Оңтүстік- Шығыс Азия елдеріне дейінгі аралдарды көзінен таса қылмайтыны белігілі.
Қытайдың АҚШ-дағы Елшісі жуықта: «Жапонияны АҚШ ядролық қарумен қорғайды...» деп (Der Spiegel) ашулы сын көтерді. Аспан астындағы іскери Бейжің Азия -Тынық мұхит аумағы тыныш болу керек дейді де өздері Сенкакуге әскери кемелерін дүркін-дүркін жіберіп,теңізде зымыранға қарсы қорғаныс құрлығыларын орнатпақ ниетін ашық мәлімдейді.
Сенкаку аралына қатысты сөз болса- Азия-Тынық мұхитқа қауіп төнді деп байбалам салады... Бұл Солтүстік Шығыс Азиядағы ең өркенді держрава есебіндегі Жапония мемлекеті меритократиялық жүйелі қылап қоғамды ел. Оның прьемьер-министрі Ёсихидэ Сугидің Вашингтондағы сапары кезінде жария етілген шулы мәлімдеуінен сезілген әрекет осы Сенкаку тұтастығына қатысты болатын.
ҮНДІСТАН ҚЫТАЙ ШИЕЛЕНІСІ
...Үндістан экономикалық қарқыны жағынан да, жан саны жағынан да Қытайды өкшелеп келе жатқан ел. Бұл елдің тарихы да алмағайып бытысқан түмен жүйенің арасында өрбіп келді.
Ең бергісі - бұл елдің шекара сызығы 1890 жылдан Үндістан, Англия, Қытай, Тибет келісімі бойынша жария етілгені бар.
Осыдан бері нақты көлемді шекаралық қақтығыстар 3-4 мәрте Үндістан Қытай шекарасында өтті.Үнемі қантөгіспен аяқтайтын тартыс-талас 1962 жылдан бері «Бутан-Сикким» дауы ретінде жалғасып келеді. Айталық, 1967 жылы Тибетке таласта екі жақтар да қатты шығындарға душар болды.
Шығыс Тибетті Қытай 2035-2040 жылдарда қайтаруға күш салып, жаныстырып жүр.Осы қарсаңда Қытай тарапы Үндістан мен Пәкстан арасындағы Кашмир дауына да от тастайды.Қытай қандай бір қақтығысты бастарда таласпен тамызықтап,керек болса күшпенен уақытша тұншықтыруға мүдделі. Алайда АҚШ Үндістан Жапония геосаяси стратегиялық мүддесі бойынша Қытайды ауздықтауға қауқарлы. Қытайдың түпкілікті геостратегиялық мүддесі Үнді-қытай түбегінен бастап Оңтүстік-Шығыс Азиядан Сингапурға дейінгі дамысты елдерді қаржылық жағынан түгел жалмауға төселген өз хуяцаоларының ықпалына сүйенеді. Бұл қисын қытай анклавизмі ретінде танылады.
Сұраған Рахметұлы,
ақын