«Астана Опера» театрында «Гала де Пари» кеші өтеді

ТЕАТР
871

«Астана Опера» театрының сахнасында елімізде алғаш рет «Гала де Пари» гала-кеші өтеді. Мерекелік бағдарламаға Париж ұлттық опера театрының солистері мен бишілері қатысады. 

Кештің алдында әртістер соңғы әзірлік жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айта кетейік, бұл шара Астана қаласының 20, ал Париж ұлттық опера театрының 350 жылдық меретойына орай ұйымдастырылып отыр. Қойылымның көркемдік жетекшісі заманауи классикалық хореографияның жарық жұлдызы Себастьян Берто. Сондай-ақ кеште Летиция Пюжоль, Сэ Ын Пак сынды сахна шеберлері өз өнерлерін паш етеді. 

Төлеубек Әлпиев, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының директоры:

 - Енді француз операсы бізге алыс емес десе де болады. Неге десеңіз, сол сахнада Майра Мұхамедқызы өз өнерік көрсеткен, Доминго, Фредди деген ұлы әншілермен шығып. Сол театрда кезінде Маринский театрында солист болып жүргенде Алтынай Абдурахимова балет тобының көркемдік жетекшісі «Аққу көлінде» шыққан. Нуриевтің спектакльдерінде де шыққан.



Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...