Маңғыстау облысы Ақтау қаласында әскери оқу-жаттығу кезінде жараланған әскери қызметшіге қажетті көм...
Димаштың «Біз бірміз» әні алтын сертификат иеленді
6472
Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергеннің We Are One («Біз бірміз») әні қытайлық QQ Music музыка платформасында алтын сертификат иеленді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

COVID-19 пандемиясымен күреске арналған ән 100 миллионнан астам рет тыңдалып, танымал болған соң, алтын сертификатты алды. Димаш Құдайберген We Are One әнін коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан дәрігерлерге және оқшауланып отырған адамдарға арнаған.