Қазақстандық балерина ТМД сыйлығын алды

ТЕАТР
2073

Қазақстандық балерина, «Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әйгерім Бекетаева ТМД-ның «Дебюттер достастығы» жастар сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлады «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі.

Марапаттау рәсімі бүгін Беларусьтегі Брест академиялық драма театрында өтті. Сыйлыққа Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстаннан 26 номинант ұсынылған. 

Шығармашылық жетістіктері өнердің әр саласын дамыту мен дәріптеуде елеулі үлес болған ТМД елдерінің сегіз мәдениет қайраткері халықаралық қазылардың шешімімен сыйлықтың лауреаты атанды. Сыйлық ТМД-да Мәдениет жылы деп жарияланған 2018 жылдың қорытындысы бойынша берілді.


Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...