«Астана Опера» театрының балет әртісі Қуат Кәрібаев «Одиссея-Arts» Халықарал...
Үш жыл ішінде мыңнан астам екібастұздық баспаналы болды
Кеншілер шаһарында 2005 жылдан бері пайдалануға берілген тұрғын үйлердің саны 16,5 есеге арттырды.
Соңғы үш жылда баспанаға мұқтаж 1648 екібастұздық мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалдамалы пәтерлерге ие болды. Оның ішінде 332 жетім және 360 көпбалалы отбасы бар.
Осылайша баспана кезегінде тұрған азаматтардың саны біршама азайды. Жалпы Екібастұзда құрылыс ерекше қарқын алғанын атап өткен жөн.
Игі үрдіс 2005 жылы басталған. Сол жылы қаладағы сақалдв құрылыстар қалпына келтіріліп, 4200 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 2008-2009 жылдары қала тұрғындары 5500 шаршы метрден астам пәтерді иемдендң. Үш жылдан кейін қарқын одан әрі өсті.
«Екібастұзда тұрғын үй құрылысының қарқыны геометриялық прогрессиямен өсе бастады: 2011 жылы – 14 700 шаршы метр, 2012 жылы – 15 200, 2013 жылы – 24 100, 2015-2017 жылдары – 28 400, ал 2018 жылы – 44 100шаршы метр болатын баспана пайдалануға берілген. Ал 2020 жылы Екібастұзда 54 355 шаршы метр тұрғын үй, 2021 жылы 69 300 шаршы метр тұрғын үй бой көтерді», – дейді қалалық құрылыс бөліміндегілер.
Бұған дейін хабарланғандай, соңғы үш жылда Екібастұзда 16 көп қабатты тұрғын үй салынды. Нәтижесінде шаһарда жаңа шағын аудан құрылды.
2022 жылы жүзден астам отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған болатын. Биыл наурыз айында 72 отбасы жаңа баспанаға ие болса, маусым айында тағы жетпістен астам отбасы қоныс тойын тойлады. Қуаныш мұнымен толастамады. Республика күні қарсаңында тұрғын үй кезегінде тұрған тағы жүз отбасы үшін баспана мәселесі оң шешілді.