Қазақта "Жеті ата, жеті ұрпақ" деген қасиетті ұғым бар. Жеті ата - өзінен жоғарғы жеті буы...
Орайлы бала - шырайлы бала: Адам басындағы екі орай қандай мағынаны білдіреді?
Коллаж: Madeniportal.kz
Қоғамда екі орайлы адамдар көп кездеседі. Ол орай қазақ дәстүрінде нені білдіреді? Бұл туралы Madeniportal.kz тілшісі зерттеп білді.
Tik-Tok әлеуметтік желісінде көнекөз ақсақал екі орай жайлы сүбелі сөз сөйлейді.
“Кейбір балалардың екі орайы төбесінде болады. Кейбірінің бірі алдынғы шекесінде, бірі басының артқы бөлігінде болады. Қазақ қалжыңдап “екі әйел алады” екен деп айтады. Бірақ оның оған байланысы жоқ. Жаратқан ием баланы берген кездегі оған берген тәрбиесі. Кейбір балалар екі ораймен туса, кейбірі сүндеттеліп туылады. Қыздар арасында төспен туылғандары бар. Оның бәрі іште жатқанда берілген тәрбиеден. Қазақта әйел адамның жеріктігін алып беру керек дейді. Әйел жеріктігіне тоймаса түрлі жағдайлар болуы мүмкін. “Ер төстік” ертегісінде анасы арыстанның жүрегіне жерік болады. Соны әкеп береді. Сондықтан орайлы бала-шырайды бала. Ол балаға назар салып дамыту керек”, - дейді ақсақал.
Басында екі орайы бар адамдар өмірде бақытты болады деп сенген. Алайда, мұндай дерек туралы ғылыми түсінік берілмеген. Орай денсаулыққа да ешқандай қауіп төндірмейді. Тек кейбір ерлерге шаш қидырғанда қолайсыздық тудыруы мүмкін.
Тағы бір кең тараған түсінік – екі рет үйлену туралы. Екі орайы бар ер адамдар екі рет отау құрады деген пікір бар. Алайда, бұрын дәм-тұзы жараспай, ажырасқандар саны аз болмаған. Ал, бүгінде ажырасып жатқан отбасы өте көп болғандықтан, мұндай жорамалдың маңыздылығы жоғалды, дейді мамандар.
Орайға қатысты тағы бір түсінік – ерекше мінез туралы. Яғни, екі орайы бар адамдардың бойында ерекше қабілеті болады дейді. Олар кез келген жағдайдан ақылдылығы мен ептілігінің арқасында шыға алады деседі.
Алайда, қазіргі таңда орай туралы ғылыми зерттеу жүргізілмеген. Сондықтан жоғарыдағы жорамалдарды дәлелдейтін дәйек жоқ.
Мамандардың айтуынша, мұндай анатомиялық ерекшелік ата-аналардың геніне байланысты болады. Бұған алаңдаудың қажеті жоқ. Орай бала денсаулығына да қауіп төндірмейді, дейді олар.
Бір орайы бар адамдар да бақытты болады. Олар да ажырасуы мүмкін. Мұндай ерекшелік ми қызметіне әсер ететіні туралы да ғылыми дәлел жоқ.
@nurlanbek7010 Екі орайлы болып туған бала. #қазақстан #ата #орай ♬ Last Hope (Slowed + Reverb) - Steve Ralph