Қадір түні қандай дұғалар оқып арманыңа жетуге болады?

Фото: freepik

САЛТ-ДӘСТҮР
205

2026 жылы қасиетті Қадір түні – 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні.  Қадір түні оқылатын дұғаларды ұсынамыз.  

1.Ықлас сүресін 100 рет оқу керек.

Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді.

Ықлас сүресінің қазақша мағынасы: «Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес».

2.Қадыр сүресі – 100 рет.

Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.

Қадір сүренің қазақша мағынасы былай болып келеді: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады».

3.Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет.

Қазақша мағынасы: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі.

4.Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.

Қазақшасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мухаммед Оның Елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін.

5.Астәғфируллуһ – 500 рет.

6.Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет.

Айта кетейік, Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен де артық сауап. Қадір түні бір рет «Субханалла», бір рет «Әлхамдулилла», бір рет «Лә илаһа иллалла» деп айту 700 мың тәсбих, тахмид және тәһлилден құнды болады. Бұл түні қой сауымындай уақыт (аз уақыт) намаз оқу, ғибадат ету бір ай барлық түндерді таңға дейін ғибадат етуден де құнды.

Ислам ғұлмалары: «Қадір түні – тағдыр түні.  Оның бұлай аталуының себебі, Алла Тағала бұл түні келесі жылғы Қадір түніне дейін кімнің өмірге келетінін, кімнің ажалы жететінін, кімге қанша  ризық-несібе бөлінетінін белгілейді. Содан соң барлығын төрт періштеге: Жәбірәйіл, Исрафил, Микәйіл және Өлім періштесіне тапсырады», ‒ деген.

Ал, атақты сахаба Абдулла Ибн Аббас (Алла әкесі екеуінен разы болсын): «Сол түні кітаптың анасынан, яғни Ләухул Махфуздан (тағдыр жазылған кітап) бір жылдың ішінде кімге қанша ризық (байлық, табыс) бөлінетіні, жер бетіне қашан, қанша жаңбыр жауатыны, кімнің дүниеге келетіні, кімнің дүние салатыны, кімнің қажылыққа баратыны да жазылады», ‒ деген.

Яғни, бұл – тілектер қабыл болатын түн. Әрине, әр адамның жүрек төрінде орындалмай жүрген арманы, қажеттіліктері бар. Алла Тағала тілектерді әр адамның өз тілінде де естиді. Дегенмен, Құран мен Сүннетте келетін дұғалардың қабыл болу мүмкіндігі жоғары болғандықтан ең таңдаулы дұғаларды топтастырдық. Қағазға шығарып, Рамазанның аспаннан періштелер жауатын соңғы түндерін дұға жасаумен өткізіңіз.

Алладан материалдық байлық, тура жол, тақуалық және жан байлығын сұрайтын дұға

«Я, Алла, расында, мен Сенен тура жолды, тақуалықты, (күнә мен жаман қылықтардан) пәк, таза болуды және байлықты сұраймын». (Муслим)

«Аллаһумма, инни әсәлукәл-һуда, уәт-туқа, уәл-ъафафә уәл-ғина».

اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ الْهُدَى، وَالتُّقَى، وَالْعَفَافَ، وَالْغِنَى

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Рахат Тұрлыхановтың әйелі күйеуінің үстінен тағы да арызданды. Ақпаратты Алматы қаласының полиц...

ТЕАТР

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында &laqu...