Елордалық Федор Селянин өз үйінің балконында концерт қойды. Ер адам Tengrinews.kz тілшісіне бұл әрек...
А. Мұхамедиұлы: «Халықаралық нарыққа кең көлемде шығу мақсатында «Kazakhstan.travel» атты ұлттық туристік портал іске қосылды»
Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2018 жылдың қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысында қазақстандық туризмді дамыту мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі өз есебінде туризмді дамыту мәселелеріне тоқталды.
Министр атап өткендей, 2018 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Парламентінің 4-ші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді және туризм мәселелері бойынша ұлттық заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді тапсырды.
Осындай ерекше бақылаудың арқасында бүгінгі таңда туризм саласы отын-энергетикалық, агроөнеркәсіптік кешендер, индустрияландыру, сауда, көлік сияқты алыптармен қатар экономиканың басым 6 саласының қатарына жатады.
Қазақстанның туристік әлеуетінің алғаш рет ауқымды тұсаукесері 9 қарашада Петропавл қаласында екі мемлекет басшысы В. В. Путиннің және Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен Туризм мәселелері бойынша Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының бірінші форумы барысында өтті.
Форумға және мамандандырылған көрмеге 4 мыңнан астам делегат, екі елдің бизнес өкілдері, губернаторлар, Ресей мен Қазақстан Үкіметі мүшелері, сондай-ақ 200-ден астам БАҚ қатысты.
«Өткен жылы жаппай халықаралық туристерді тарту үшін теңдессіз қадамдар жасалды.Ең алдымен, азаматтар біздің еліміздің аумағына визасыз кіруге құқығы бар мемлекеттердің тізімі кеңейтілді - бұл сапалы, төлем қабілеті бар әлемнің саяси дамыған және тұрақты 64 елі.Екіншіден, Үндістан мен Қытай азаматтары үшін 72 сағаттық визасыз транзит енгізілді, ел экономикасына жалпы әсері 1 миллион АҚШ долларынан астам.Үшіншіден, пилоттық режимде осы жылдың 1 қаңтарынан бастап әлемнің 128 елі үшін Е-VISA электрондық визаларының тетігі іске қосылды,сондай-ақ, «Жібек жолы» визасы шетелдік қонақтар үшін виза алу мерзімін 30 күннен 5 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесі бойынша орналастыру орындарында туристік алымдарды енгізу мүмкіндігі пысықталуда- «Bed Tax»,олардан түсетін түсімдер жақын болашақта жылына шамамен 4 млн. долларды құрауы мүмкін (бірінші кезеңде тек шетелдік азаматтардан бір түнге 2 доллар сомасында алымды анықтау ұсынылады. Және тек Астана мен Алматы бойынша).
Халықаралық нарыққа кең көлемде шығу мақсатында «Kazakhstan.travel» атты ұлттық туристік портал іске қосылды, турларды брондау және сатып алу бойынша кез келген операцияларды жүргізуге, онлайн-транзакцияларды әлемнің кез келген нүктесінен жүргізуге болады», - деп атап өтті ведомство басшысы.
Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу кезінде «туризм» бағыты бойынша «Бизнестің жол картасы» арқылы жеңілдікпен кредит беру, қызмет көрсету, жол бойындағы сервис және т. б. салаларының объектілерін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру сияқты туристік индустрияны дамытудың ең озық және әлемдік тәжірибеде табысты сынақтан өткен тетіктері ұсынылды.
Мемлекеттік бағдарламаның өзегі Қазақстанның туристік картасы әзірленді. Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Орталық Азиядағы бірінші Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университеті Астанада құрылуда, оған ұқсас тек Еуропа мен Азияның дамыған елдерінде ғана табуға болады.
Үкімет қаулысының тиісті жобасы келісуден өтуде. Мемлекеттік бағдарламаның барлық шаралары турқауымдастық, бизнес, мемлекеттік органдар, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және т. б. өкілдерімен кеңінен талқыланды. 100-ден астам отырыс өтті. 1 наурызда құжат ҚР Үкіметіне ұсынылады.