Арыстанбек Мұхамедиұлы туризмді дамыту үшін бар күш-жігерін салуға уәде берді

Жаңалықтар
460

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы туризмді дамытуға бар күш-жігерін салуға уәде берді.

«Туризм еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына жаңа қарқын беретін болады. Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында биылғы жылы 2023 жылға дейінгі туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жасауға тапсырма берді. Туризм саласы Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуына тың қарқын бермек. Басқа мемлекеттер үлгісін бетке ұстап, еліміздің ЖІӨ туризмнің үлесін ұлғайтуды көздеп отырмыз. Алдын-ала есебіміз бойынша, 2023 жылға туризм үлесі 8 пайыз (Жалпы ішкі өнімде- авт.) болмақ», - дейді министр. Арыстанбек Мұхамедиұлының жазуынша, Елбасы атап өткендей, туризмді дамыту бағдарламасы биылғы жылдың аяғына дейін қабылдануы тиіс. Ол қаржы, заңнама тұрғысынан негізделуі керек. Осы жылдың аяғына дейін туристік қызмет туралы заңнамаға өзгеріс енгізу қажет. «Нұрсұлтан Назарбаев мақсатты түрде демалыс және  туристік орындармен танысты: «олар шынымен нақты, алайда туризм инфрақұрылымына үлес қосу мәселесін жолға қою қажет. Бизнес те осында келуге дайын. Мақсат айқын, қолдау үшін алғысымыз шексіз, күш-жігермен туризм саласын дамытуды жалғастырамыз!», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы. Еске сала кетсек, бүгін Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өткен болатын. Жиын барысында Президент 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен азаматтардың табыс салығы 10 есеге азаятындығын айтты.

madeniportal

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...