Қазақтың ырымдарын оқып алыңыз

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ
2740

Жинақтаушы жазушы Сейіт Кенжеахметұлы

  • Бала бас ұстамайды. Егер бала бас ұстаса әкесі өліп қалады деп тыйым салған.
  • Нанның қиқымын жесе - бай боласың дейді.
  • Сәби тоңқайып екі аяғының астынан қараса, күткен жолаушы келеді немесе қонақ келеді дейді.
  • Жас балаға бұғана ұстатпайды, онда бойы өспей қалады деп жорыған.
  • Қыз балаға жілік ұстатпайды. Ұстатса күйеуге шықпай оң жақта көп отырып қалады дейді.
  • Бала алғаш жолаушы шыққанда той жасайды.
  • Сәби көзін ашып ұйықтаса - жары сұлу болады.
  • Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса, елге белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп ұйықтаса, уайымшыл, жігерсіз болып шығады. Етпетінен жатып ұйықтаса, ойшыл болады. Егер аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса - болашақ батыр, кемеңгерліктің белгісі.
  • Баланың желкесі шұқыр болса, немесе желкесінен сүйсе кесір болып өседі.
  • Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт жұмаққа барады.
  • Тіл ұшын жесе, сүйреңдеп сөйлей беретін болады деп ырымдаған. Таңдай жесе, шешен болады.
  • Батырдың, ақынның, шебердің, палуанның сарқытын жегізсе немесе олар сәбидің аузына түкірсе, олардың жақсы қасиеті мен өнері балаға қонады деген ырым бар.
  • Сәбиге көз тимес үшін күйе жағып қояды.
  • Жастың басы ауырса «басыңа бас қосылады» деп ырымдаған.
  • Жұма күні кір жума - әруақтар ренжиді.
  • Ақты (сүтті, айранды) төксе, малдың желіні кетеді.
  • Нанның қиқымын жесе - бай боласың дейді.
  • Сәби тоңқайып екі аяғының астынан қараса, күткен жолаушы келеді немесе қонақ келеді дейді.
  • Жас балаға бұғана ұстатпайды, онда бойы өспей қалады деп жорыған.
  • Қыз балаға жілік ұстатпайды. Ұстатса күйеуге шықпай оң жақта көп отырып қалады дейді.
  • Бала алғаш жолаушы шыққанда той жасайды.
  • Сәби көзін ашып ұйықтаса - жары сұлу болады.
  • Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса, елге белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп ұйықтаса, уайымшыл, жігерсіз болып шығады. Етпетінен жатып ұйықтаса, ойшыл болады. Егер аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса - болашақ батыр, кемеңгерліктің белгісі.
  • Баланың желкесі шұқыр болса, немесе желкесінен сүйсе кесір болып өседі.
  • Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт жұмаққа барады.
  • Тіл ұшын жесе, сүйреңдеп сөйлей беретін болады деп ырымдаған. Таңдай жесе, шешен болады.
  • Батырдың, ақынның, шебердің, палуанның сарқытын жегізсе немесе олар сәбидің аузына түкір
  • Пышақтың жүзі шалқасынан жатса, сол үйдің малы пышаққа ілінеді.
  • Егер киіз үй сыртына ит сарып кетсе, құт келеді деп жақсылыққа телиді.
  • Адам құлағы шуылдаса, жанындағы кісіден «қай құлағым шуылдады?» деп сұрайды. Ол дәл тапса, «мені біреу мақтап жатыр екен» дейді. Таба алмаса, «жамандап жатыр екен» дейді.
  • Жаңа туған ботасы бар үйге қызыл жалау байлап қояды. Мұны көргендер атпен, көлікпен қатты жүріп келмейді. Қатты келсе, бота шошып өліп қалады деп ойлаған.
  • Қазақ сейсенбіде жолға шықпайды, іс, жұмыс бастамайды, көшіп-қонбайды.
  • Жолаушыға «қайда барасың» демейді, «жол болсын» дейді.
  • Тамақ үстіне келген адамға үй иесі «мақтап жүреді екенсің» деп риза боп қалады. Дастархан жиналып жатқанда келгенге «бізді жамандап жүреді екенсің» деп ескерту жасайды.
  • Дастархан үстіне келген адамға дәм ауыз тигізеді, әйтпесе күйеуің немесе әйелің тастап кетеді дейді.
  • Мал сатқанда оны ноқтасымен не бас жібімен бермейді, малдың басы кемиді деп ырымдайды.
  • Мал төлдеп жатқанда ешкімге мал бермейді, сатпайды және айырбастамайды.
  • Жақын адамдарға пышақ, ит сыйламайды.
  • Егер жақын адамның пышағы өте ұнаса, оны ұрлап немесе сатып алады.
  • Ауыл ішіне атпен шауып келген жаман ырым.
  • Егер сүйінші сұраса шауып келуге болады. Бірақ «сүйінші, сүйінші» деп айқайлап келуге тиіс.
  • Қайғылы, қазалы хабарды есірткенде немесе жаназаға шақырғанда ғана атпен шауып келіп шеткі үйге хабарлайды. Ол үйдің иесі басқаларға хабарлауы тиіс.
  • Үйге кешке немесе түнде келген адам «кеш жарық» деп кіреді. Үйге келген қонақ адам болсын-болмасын «ассалаумағалейкум» деп сәлем беру керек.
  • Екіқабат әйел арқан аттамайды, аттаса баланың кіндігі мойнына оралып қалады дейді.
  • Біреу әңгіме айтып отырғанда сәби түшкіріп қалса, шын айтқаны деп ойлайды.
  • Аты сүріншек болады деп балаға төстің сүріншегін жегізбейді.
  • Қазақ «сәтті күн» деп істі сәрсенбі күні бастайды.
  • Көзге теріскен шықса, саусақ арасынан қол шығарады.
  • Мысыққа тамақ бергенде «ертең ұмытып кетесің» деп маңдайынан шертіп береді.
  • Тауық мезгілсіз шақырса - жаман ырым.
  • Иегің қышыса бір жерден дәм татасың.
  • Адамның келіншек отырған жақтағы аяғы үйіп қалса, ол екіқабат екен деп ырымдайды.
  • Егер өздері әкелген сыбаға немесе тамақтан жесе, ол үйдің әйелі қыз табады дейді.
  • Бейуақытта ұйықтаған, жылаған жаман болады.
  • Қолды жуғаннан кейін оның суын сілікпейді, орамалмен сүртеді.
  • Бала қаспақ жесе, оның үйлену тойында жаңбыр жауады.
  • Баласы шымыр болсын деп екіқабат әйелге сағыз шайнатады.
  • Түсік тастамасын деп жас әйелдің етегін бүріп қояды.
  • Екіқабат әйелдің күні жақындаған кезде «Жер Ана қуат бер» деп жалаңаяқ жүргізеді.
  • Жас босанған немесе аяғы ауыр әйел түнде суға бармайды.
  • Екіқабат әйелге пышақ, ара, қайшы ұстатпайды. Ұстаса мерзімінен бұрын босанады деген ырым бар.
  • Баласы кіндігіне оралып қалады деп екіқабат әйелге ине-жіп ұстатпайды.
  • Бала ортан жіліктің майын жесе, ата-анаға мейірімсіз болады.
  • Екіқабат әйел қоян етін жесе, баласы қоянжырық болып туады деседі.
  • Сиырдың желіні іссе, таңертең ерте кебіспен ұшықтайды.
  • Жас келіннің төсі, малдың желіні іссе, қайтыс болған адамды жуған қолғаппен аптайды.
  • Жаңадан қайнатқан сабынды жоғары қойса, ол үйге түскен келін өркөкірек болады.
  • Аспаннан ағып түскен жұлдызды көргенде қазақтар «менің жұлдызым жоғары» дейді.
  • Адамға немесе малға біреу сұқтанып қараса, «көзің тиеді» деп түкіртеді.
  • Балықтың құйрығын ұстаса, ауға балық түспейді.
  • Ойынға ашуланған адамның басы таз болады.
  • Мал үшеу не төртеу (үш не төрт төл) туса, олардың біреуін бауыздап, босағаға көмеді.
  • Егер бір үйде қыз туа берсе, келесі баланы ұл болсын деп оған ұлдың атын қояды.
  • Егер ауыздық шықса, жүгеннің ауыздығымен емдейді.
  • Көп жасаған немесе жақсы адам қайтыс болса, оның киімдері мен тұтынған заттарын ырым етіп бөліп алады.
  • Адам басы кемиді деп бөтен адамға бас киім бермейді немесе айырбастамайды.
  • Садақаға киім берсе, оның түймесін қиып алады.
  • Баланың мойынын тез және түзу бекісін деп оның шілдеханасына сойған қойдың мойын омыртқасын тұтасымен асып, тесігінен шыбық өткізіп кептіріп қояды.
  • Несібесі көп, дастарханы мол болсын деп жаңа үйдің босағасын маймен майлайды.
  • Жиенді ұрса, қолы қалтырайды деген ырым бар.
  • Қазақ басымыз көбеймейді деп адам санамайды.
  • Алыс жолға шыққан адамдар қарашаңырақтан немесе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.
  • Қазақ жек көрген немесе көрмеймін деген адамының артынан бір уыс топырақ шашады.
  • Біреудің үйі өртенсе, оның арты жақсылық болады деп ырымдайды.
  • Жаңа айды көргендер «жаңа айда жарылқа, ескі айда есірке» деп бата жасап, ырымдайды.
  • Шала туылған баланы тымаққа салып, неше күні кем болса сонша күн кереге басына іліп қояды.
  • Қалы үлкейіп кетпесін деп қалымен туылған баланы Қалдыбай, Қалдыгүл деп атайды.
  • Пәле жаладан аулақ болсын деп жаңа үйленген жастарды арша түтінімен ыстайды.
  • Өреден жас құрт алып жесе, жаңбыр жауады.
  • Өліктің денесі оралған кілемді түнде жұлдызға қаратып жайып барып пайдаланады.
  • Шашалған адамға «мал қап» дейді.
  • Ет турағанда бір кесек ет қалып қойса, ет тураушыға өтірік айтатының бар екен дейді.
  • Біреу қайтыс болды деп ескертіп, кейін ол тірі болып шықса, «көп жасайды екен» деп ырымдайды.
  • Үйдің өз сәбиі үйге «ассалаумағалейкум» деп кірсе, ол үйге көп кешікпей қонақ келеді.
  • Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса, ол үйде той болады.
  • Бас киімді теріс қаратып киген жаман істің белгісі.
  • Жас адамдар «басым ауырады» десе, «басыңа бас қосылады екен» дейді.


author

Сейіт Кенжеахметұлы

ЖАЗУШЫ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...