Берлинде Қазақстан мен Германия зиялыларының тұңғыш форумы өтті

MADENI TV
3899

Осындай атаумен Берлинде Қазақстан мен Германия көркемөнер зиялыларының тұңғыш форумы өтті. Шараның басты мақсаты – дара мәдениетіміз бен әдебиетімізді Еуропада насихаттау. Неміс жағынан конференцияға журналистер, әдеби сыншылар және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Ал Қазақстаннан құрамында белгілі жазушылар, ақындар, режиссерлер мен сықақшылар бар ауқымды делегация келген. Арасында журналистер академиясына мүше Нұртөре Жүсіп, ақын Ұлықбек Есдәулет, жазушы Сәуле Досжан бар. Олар шетелдік әріптестерімен өзара ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылаған.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...