«Мен – Қазақстанмын»: Көк-Төбеде жаңа мәдениет пен жауапкершілік мерекесі өтті

Madeniet Portaly

MADENI TV
480

31 тамыз күні Алматыдағы Көк-Төбе алаңында «Жаңа адамдар» қозғалысы «Жаңа ритмге қосыл!» атты ауқымды перформанс өткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

Фестивальге дауылпаз, дарбук, драм-пад және басқа да перкуссия аспаптарында ойнайтын музыканттар қатысты. Алматы тұрғындары мен қала қонақтары тек тамашалап қана қоймай, жаңа ырғаққа қосылып, белсенділермен бірге өзгерістердің әрқайсымыздан басталатынын көрсете алды.

Шараның басты жаңалығы – Qazaqstan фирмалық футболкаларының таныстырылымы болды. Бұл мерч жаңа дүниетанымның көрнекі манифесті саналады. Оны киген адам былай дейді: «Елімде болып жатқанның бәрі маған қатысты. Мен өмірімді біреу өзгертеді деп күтпеймін – өз болашағым үшін өзім жауаптымын. Менің таңдауым, сөзім және әрекетім мәдениетті қалыптастырып, елдің болашағын айқындайды. Мен – Қазақстанмын».

Фестивальдің шарықтау сәті – ауқаымды дауылпаз шоуы болды. Музыка ырғағы, брейк-данс өнері және көрермендердің қолдауы бәрін бір арнаға тоғыстырды. Дәл осы көрсетілім «Жаңа ритмге қосыл!» азаматтық науқанының бастамасына айналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, музыка арқылы жасампаздық, жауапкершілік пен алға жылжу мәдениеті оянады.

«Жаңа адамдар» қозғалысының өкілі Аружан Үсенова:

«Бүгінгі оқиға өзгерістер мәдениеті өзінен бастауға дайын адамдардың арасында дүниеге келетінін көрсетті. «Жаңа ритмге қосыл» — бостандық, адалдық және өз ісіңе деген құрмет туралы. Біздің Qazaqstan футболкаларымыз менің және Қазақстанның арасында ешқандай шекара жоқ екенін айқын көрсетеді. Өйткені Мен – Қазақстанмын».

Фестиваль қоғамда жаңа мәдениетті дәріптеуді, әрбір азаматтың жауапкершілігін арттыру мен шығармашылық ынтасын оятуды мақсат етті.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

IBHOF жыл сайын әлемдік боксқа елеулі үлес қосқан спортшыларды марапаттайды, деп хабарлайды MadeniPo...