“Қайта қоңырау шалуға мәжбүрлейді”: Бас прокуратура маңызды мәлімдеме жасады

Фото: Pixabay

MADENI TV
116

Қазақстанның Бас прокуратурасы алаяқтардың жұмыс тактикасын өзгертіп жатқаны туралы маңызды мәлімдеме жасады. Жауапты орган алаяқтардың жаңа интернет-схемасы туралы халықты ескертті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіптер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы жаңа интернет-алаяқтық схемасы туралы хабарлайды.

Шетелдік дереккөздерге сүйенсек, алаяқтар шабуылдың жаңа толқынын бастаған:

  • Олар енді жеткізу қызметтерінің, басқарушы компаниялардың және банктердің атынан хаттар мен SMS хабарламалар таратады.
  • «Авторизациядағы қате», «домофонды ауыстыру» немесе «есептегіштерді тексеру» сияқты сылтауларды алға тартып, азаматтарды өздеріне қайта қоңырау шалуға мәжбүрлейді.

Нәтижесінде, ештеңеден күдіктенбеген азаматтар кибер-алаяқтарға әлеуметтік инженерия құралдарын қолдануға мүмкіндік жасайды. 

Осыған байланысты Бас прокуратура қазақстандықтарға киберқауіпсіздікті сақтау үшін келесі шараларды орындауды ұсынады:

1. Қырағы болыңыз: Белгісіз кіріс хабарламалар мен қоңырауларға сын көзбен қараңыз.

2. Тек ресми нөмірлерге қоңырау шалыңыз: Тек ұйымдардың сайттарында көрсетілген ресми нөмірлерге ғана қайта қоңырау шалыңыз.

3. Екі факторлы аутентификацияны қолданыңыз: Қауіпсіздікті арттыру үшін екі факторлы аутентификацияны міндетті түрде қолданыңыз.

4. Құпия деректерді жарияламаңыз: Банк карталарының деректерін, SMS-тегі бір реттік кодтарды және кез келген құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға ешқашан айтпаңыз.

«Қырағы болыңыздар, киберқауіпсіздікті сақтаңыздар», – деп қорытындылады ҚР Бас прокуратурасы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасының аумағындағы қызметтік тұрғын үй өртенд...

СПОРТ

Жәнібек Әлімханұлынан жеңілген британиялық боксшы Дензел Бентли қазақстандық спортшының допинг дауын...