Тоқаев Польшада ұсталған қазақстандықты босатуға көмектесті

Фото: MadeniPortal.kz

САЯСАТ
119

Тоқаевтың араласуымен Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Польша аумағында бұған дейін тұтқындалған Қазақстан азаматының 28 сәуір күні бостандыққа шыққанын мәлімдеді.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл нәтижеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған, Қазақстан азаматтарының, соның ішінде шетелдегі отандастардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған жүйелі жұмысының арқасында қол жеткізілген.

Сондай-ақ Президент жуырда Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, күрделі жағдайда екі елдің өзара түсіністік танытып, конструктивті ынтымақтастық орнатқаны үшін алғыс білдірген.

Бұдан бөлек, оң нәтижеге қол жеткізуге ықпал еткен Владимир Путинге де ризашылық білдіру орынды екені атап өтілді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Кароль Навроцкий мен Дональд Тускке Польша тарапының жағдайға байланысты байыпты шешім қабылдағаны үшін алғыс айтып, арнайы хат жолдамақ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында ауа райының күрт бұзылуы салдарынан құтқарушылар 80-нен астам адамды қауіпсіз же...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысында 8 жасар ұлын өзеннен таба алмай отырған ана үкіметтен көмек сұрады. Айтуынша ұлы...