100-ге жуық адам эвакуацияланды: Түркістан облысында ауыл маңындағы көпірді су шайып кетті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
625

Түркістан облысында ауа райының күрт бұзылуы салдарынан құтқарушылар 80-нен астам адамды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

ТЖМ мәліметінше, оқиға Төлеби ауданындағы Ақмешіт ауылы маңындағы туристік аймақта болған. Нөсер жаңбырдан кейін Ақмешіт өзенінің деңгейі көтеріліп, демалыс орны мен пикник аймағын жалғап тұрған екі уақытша көпірді су шайып кеткен. Сонымен қатар Екпінді елді мекеніндегі өткел де зақымданған.

«Жағдайға жедел әрекет еткен құтқарушылар Екпінді ауылынан 11 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады. Ал демалыс аймағынан 70 адам, соның ішінде 20 бала қауіпсіз жерге шығарылды», - деп мәлімдеді ТЖМ.

Қазір мамандар уақытша өткел орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, медициналық көмекке жүгінгендер тіркелмеген.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі, «Қазселденқорғау», полиция және жергілікті билік өкілдері жұмысын жалғастырып жатыр. 

Шоу-бизнес

MuzArt тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов шұғыл түрде ауруханаға түсіп, өзіне ота жасалғанын мәлімдед...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа адамдар Ақтаудағы Caspian Sea Action Week 2026 экология апталығына қатысты, деп хабарлайды Made...