Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан кетіп қалды

Жаңалықтар
3074

Сайрагүл Сауытбай отбасымен бірге Швецияға қоныс аударды. Бұл туралы Азаттық радиосына адвокаты Айман Омарова хабарлады.

Айман Омарованың айтуынша, Сайрагүл Сауытбай 3 маусымға қараған түні Швецияға ұшып кеткен.

- Біз бұған дейін үшінші елден көмек сұрайтынымызды айтқан едік қой. Негізі БҰҰ сот өтпей ешқашан рұқсат етпейтін. Заңда да солай. Бірақ мен АҚШ-қа өтініш жасадым. БҰҰ-на барлық мән-жайды жеткіздік. Ұйымның босқындар жөніндегі комиссариаты Сайрагүлге ерекше жағдай жасады, Швеция өздеріне қабылдайтынын айтып, келуіне рұқсат берді, - деді адвокат.

Адвокаттың айтуынша, Сайрагүл Сауытбай Швецияға отбасымен бірге кеткен.

2018 жылы Алматы облысы Панфилов аудандық соты тамыз айында «Қытайдан Қазақстанға шекараны заңсыз кесіп өтті» деп айыпталған Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайды алты айға бас бостандығынан айыруға үкім етіп, бірақ жазасын «жеңілдететін ерекше жағдайына» байланысты шартты жазаға алмастырған. Осылайша сот Сайрагүл Сауытбайды Қытайға депортацияламай, Қазақстанда қалдырған.

Сайрагүл Сауытбайдың босқын мәртебесін беруді сұраған арызын қараған Алматы облыстық полиция департаментінің жанынан құрылған «босқын мәртебесін беру» жөніндегі комиссия оның өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан еді. Кейін Сайрагүл аталған комиссияның шешімін заңсыз деп тану туралы талап арыз берді. Талап арыз бойынша сот әлі жалғасып жатыр

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...