Заңгер Мейірман Шекеев ел асыға күткен жаңалықты айтып, сүйінші сұрады

Фото: видеодан скриншот

MADENI TV
988

Белгілі заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, сүйінші сұрады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Заңгердің жазбасында алданып Украинаға соғысқа кетіп қала жаздаған балалардың елге оралып, ата-аналарымен қауышқаны айтылған. 

"Алданып, Ресей арқылы Украинаға соғысқа кетіп қала жаздаған балалардың 25-іне туған жердің топырағын бастыра алдық. Қаншама ұйқысыз өткен ата-аналардың сөнген үмітін тынымсыз еңбектің арқасында қайта жағып, қуаныштарын көру мен үшін ең үлкен бақыт! Ата-ананың алғысынан асқан марапат жоқ. Арнайы Талдықорғаннан және жан-жақтан келген ата-аналардың алғыс білдіруі – біз үшін ең үлкен құрмет. Туысымдай болып кеткен бұл ата-аналардың дастарханы бұдан былай тек жақсылыққа жайылсын деп тілейік. Әрбір ана тек қуанышқа жыласын", – деп жазды Мейірман Шекеев. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үлкен Алматы шыңында 3680 метр биіктікте 2005–2006 жылы туған үш жас таудан өздігінен түсе алм...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...