Қостанайлық полиция капитаны балаларды тегін жаттықтырып жүр

Фотосурет ұсынылды

#Жаңа есім
444

Қостанай облысының учаскелік инспекторы Ғабит Байжанов полиция қатарында 2005 жылдан бері қызмет етіп келеді. Осыдан бір жыл бұрын ол суға батып бара жатқан ауылдасын құтқарып қалған еді. Кейін тәртіп сақшысын салтанатты түрде марапаттаған болатын. Бүгінде полиция капитаны аралас жекпе-жек үйірмесінде ондаған баланы тәрбиелеп отыр. Олардың арасында Қазақстан чемпиондары мен Әлем біріншілігінің жүлдегерлері де бар.

Ғабит Байжанов – ауданға танымал жекпе-жек жаттықтырушысы, футболмен, қоян-қолтық жекпе-жекпен айналысатын спортшы, облыстық және республикалық деңгейдегі түрлі жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері.

Жергілікті тұрғындар оны мейірімді және әдепті полиция қызметкері ретінде біледі. Әрқашан көмекке келуге дайын Ғабит бала кезінен шығармашылық тұлға болған. Мектепте оқып жүргенде атақты спортшылардың портреттерін суретке салғанды ұнатқан көрінеді.

«Ол кезде жалпы тапшылық болды. Үлкен форматтағы қағаз іс жүзінде болған жоқ, сондықтан мен тұсқағазға сурет салдым. Дегенмен бір амалын тауып, Майк Тайсонды да бейнелеген кездерім болды», – деп еске алады Ғабит Байжанов.

Біздің кейіпкеріміз ешқашан құқық қорғау органдарында қызмет етуді армандаған емес. Тағдырдың жазуымен бәрі өздігінен болды. Жерлестерінің айтуынша, Ғабит қарапайым отбасында өскен жандардың бірі.  

«Жоғарғы оқу орнына оқуға түсуге ақшам болған жоқ, сондықтан әскердегі борышымды өтеп, жұмысқа орналасуға және өз күшіммен білім алуға бел будым. Мектеп табалдырығын аттаған соң, Шымкентте ерекше мақсаттағы батальонда қызмет еттім. Әскерден кейін мамандандырылған күзет бөліміне орналасқым келді, алайда мені қабылдамады», – дейді Ғабит Байжанов.

Бірақ Әулиекөл ауданының ІІБ-де жұмыс орны табылды. Сауатты, спортпен шұғылданатын жас жігіт ІІМ училищесіндегі бастапқы даярлықтан өтетін болды. Ол өзінің спорттық қасиеттерімен бірден көзге түсті. Туған Аманқарағай ауылына Ғабит екі жылдан кейін ғана оралып, Әулиекөл ауданының желілік полиция бөлімінде қызмет атқара бастады, сонымен қатар заң факультетінде оқыды. Содан кейін Әулиекөл ауданының жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік инспекторы болып жұмыс істей бастады, полиция капитанына дейін көтерілді.

Ғабит үнемі шығармашылық пен өзін-өзі дамытумен айналысып жүрді. Балалық шағында сурет салса, әскерде гитарада ойнауды ұнататын. Кейінірек ол кітаптарға да ерекше қызығушылық таныта бастады. Исай Калашниковтың "Қатыгез ғасыр" тарихи романы оған айтарлықтай әсер қалдырды. Оны оқығаннан кейін қостанайлық полиция қызметкері «мүмкін емес ештеңе жоқ» дегенді өмірлік қағидатына айналдырды.

«Мен 15 жасымда спортпен айналыстым. Бізде ауылда спорт секциялары болған жоқ. Бірде денешынықтыру пәнінің мұғалімі Талғат Төлегенұлы «Неге жүгірмейсің? Неге баскетболмен айналыспайсың?» деп сұрап еді, мен «білмеймін» деп жауап бердім. Содан кейін ол: ""Мен білмеймін" деген сөз жоқ», " Мен үйренемін!" деген сөз бар»,- деп еске алады Ғабит Байжанов.

Уақыт өте келе, ол қалай нағыз спортшы болғанын байқамай да қалды. Бүгінгі күнге дейін азаматтық тұлға ретінде де, күш құрылымдарының қызметкері ретінде де Ғабит барлық жарыстарға қатысады. Ал 2009 жылы Қарағандыда өткен Кудодан халықаралық турнирде спорт шебері нормативін орындады. Ол тіпті "дене шынықтыру және спорт" профилі бойынша екінші жоғары білім алды.

Қазір Ғабит Байжанов органдағы қызметпен қатар балаларды жаттықтырады. Бүгінгі танда оның тобында орта есеппен елуге жуық адам спортпен шұғылданады. Олардың арасында Қазақстан чемпиондары, әлемдік турнирлердің күміс жүлдегерлері бар. Оған қоса, тәртіп сақшысының кейбір шәкірттері балаларды өздері жаттықтырады. Солардың бірі Саят Муслимов қазір елордалық "Арлан" арнайы бөлімшесінде жұмыс істейді.

Ғабит Байжанов ұлының спортпен айналысуына аса мән береді. Кенжесі Ислам Әмірхан тіс дәрігері болуды армандаса да, полицей спорттың балаға зиян тигізбейтініне сенімді. 16 жасар Тамерлан Әмірхан әкесінің жолын қумақшы.

Егер капитанның полиция қызметкері ретіндегі еңбегі туралы айтатын болсақ, ол адамдармен тікелей байланыста жұмыс істеп, әрқайсысымен қалай байланыс жасау керектігін білетін, елге сыйлы полиция қызметкері ретінде танылған.

Тәртіп сақшысы 84 жастағы әйелді көлден алып шықты. Бір күні таңертең 102 телефонына Аманқарағай кентінің тұрғынынан су айдыны жақтан көмек сұрап тұрған қатты дауыстың естілгені туралы қоңырау түсті. Жағадан өтіп бара жатып, полиция қызметкері көлдің ортасынан бір дыбысты естиді де,  бірден киімімен суға секіреді. Сөйтіп Ғабит Байжанов әйелді жағаға сүйреп апарып, ажалдан құтқарып қалады.

Айта кету керек, Әулиекөл ауданының учаскелік полиция инспекторы құқық қорғау органдарында 2005 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аманқарағай ауылындағы № 2 әкімшілік учаскеде қызмет көрсетеді.

Бүгінде АРБ және Кудодан спорт шебері болып табылатын Ғабит жекпе-жек, ММА, UNIFIGT, Кудо мен АРБ бойынша жаттықтырушы ретінде балаларды жаттықтыруда. 17 жылдай аптасына екі мәрте екі сағаттай жасөспірімдерге арналған спорт секциясын өткізеді. Қатысушылардың арасында 5 жасар ұлдар да бар екен. Оның тәрбиеленушілері аудандық, облыстық, республикалық және әлемдік жарыстарда бақтарын сынап, ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп жүр. 18 жастағы Максим Иванов пен Мақсат Төленді жекпе-жектен әлем чемпионатының жүлдегері атанса, 16 жасар Әбілмансұр Жолдасбай да биік белестерді бағындырып үлгерді. Қыздардың арасында 12 жастағы Екатерина Брызгалова Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алған. Ғабит Әмірханұлы ұл-қыздарды ақылы түрде емес, тегін жаттықтырады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отырыстардың бірінде «Полиция қашан да халыққа үлгі-өнеге болуы керек. Сонда ғана жұрт полицияға сенеді, оны қорған көреді» деген еді. Міне, қостанайлық Ғабит Байжанов сияқты полицейлер сала қызметкерлерінің абыройын арттырып, ел-жұртқа үлгі-өнеге болады деген сенімдеміз.

Жанар АХМЕТОВА

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...