Тоқаев елорданы "Нұр-Сұлтан" деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды

ЖАҢАЛЫҚТАР
4232

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ақордаға сілтеме жасап.



«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын» делінген ресми жарлықта.

Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетсек, ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың атауын өзгерту туралы ұсыныс жасаған болатын. «Біздің ұлы замандасымыздың, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін келесі жолдармен мәңгі есте қалдыру дұрыс деп санаймын. Біздің астана Президентіміздің есімімен Нұрсұлтан деп аталуы керек. Мұндай ұсыныстар бұрын, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы тұсында да парламентерийлермен, Парламент депуттарымен айтылған болатын» деді ол өз сөзінде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана маңында екі жастағы баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Оқиға Қос...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды облысында бес қабатты тұрғын үйдің шатыры 11 жастағы қыздың үстіне құлап, ол жарақатпен ау...