Ораза айт жақындаған сайын бұл күні қандай амалдар істегеннің сауабы болатыны жайлы сұрайтындар қата...
Жәнібек Әлімханұлының қанынан допинг табылды
Фото: Sports.kz
694
WBO және IBF әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының қанынан тыйым салынған зат анықталды, деп хабарлайды Мadeniportal.kz.
Бұл жайында спорттық басылымдар жарыса жазды. Осы ретте боксшы пікір білдірді.
"Мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Мұны жақсы білесіздер. Мен таза спортты насихаттап жүргенімді де білесіздер. Жаңалықты оқып таң қалып отырмын. VADA бірінші рет анализ алып бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім. Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз!", - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде.