Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1762

Алдағы үш күнде еліміздің ірі үш қаласында – Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы біршама тұрақты әрі жылы болмақ. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Астанада жаңбыр жауып, күн бұлтты болады

  • 19 мамыр: түнде жаңбыр жауады, күндіз бұлтты. Температура +7…+9°, күндіз +17…+19°.
  •  20 мамыр: жауын-шашынсыз, күн бұлтты. +10…+12°, күндіз +22…+24°.
  • 21 мамыр: жауын-шашынсыз, +13…+15°, күндіз +23…+25°. Жел – 9-14 м/с, кей күндері оңтүстік-батыстан соғады.

Алматыда найзағай ойнап, күн күркіреуі мүмкін

  • 19 мамыр: түнде – +15…+17°, күндіз – +20…+22°. Кей кезде жаңбыр жауып, найзағай болады.
  • 20 мамыр: ашық ауа райы күтіледі. Күндіз +22…+24°.
  • 21 мамыр: күн ашық, ыстық ауа райы орнайды – +28…+30°. Жел жылдамдығы – 3-8 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Шымкентте аптап ыстық болады

  • 19 мамыр: күн ашық, жауын-шашынсыз. +13…+15°, күндіз +26…+28°.
  • 20 мамыр: түнде +13…+15°, күндіз +30…+32°.
  • 21 мамыр: күн одан сайын ысиды – +32…+34°. Жел – 8-13 м/с, бағыттары ауысып отырады.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...