Мәскеуде қазақ әдебиетінің антологиясы таныстырылды

РУХАНИЯТ
3346

Мәскеу қаласында қазақ әдебиетін БҰҰ-ның 6 тіліне (ағылшын, орыс, испан, қытай, араб, француз) аудару жобасы аясында жарық көрген қостомдық антологияның орыс тіліндегі нұсқасы таныстырылды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Салтанатты жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ұлттық комиссия хатшысы Аида Балаева қатысып, бағдарлама туралы, осынау ауқымды жоба туралы баяндама жасады.

Сондай-ақ Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов айтулы шараға арнайы қатысып, екі ел арасындағы әдеби-мәдени байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын, жобаның маңыздылығына ерекше тоқтады.

Қазақ Елшілігінде болған тұсаукесерді Ұлттық аударма бюросының басшысы Рауан Кенжеханұлы жүргізіп отырды. Ол антологияның орыс тіліне аудару жұмысы туралы айтып берді.

Бұдан басқа аталмыш шараға Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек, Ресей Жазушылар одағының Мәскеу филиалының директоры В.Г.Бояринов, В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің және Ресейдің зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар қазақ әдебиетінің бүгінгі жай-күйі мен болашағы туралы ой бөлісті.

Осыған дейін жоба аясында биылғы жылдың 25-30 қыркүйегі аралығында француз, испан және ағылшын тілдерінде басып шығарылған нұсқасы Париж, Мадрид және Лондон қалаларында таныстырылған болатын. Ендігі жерде Каир және Пекин қалаларында араб және қытай тілдерінде басып шығарылған антология таныстырылады.

Сонымен қатар, қазақстандық 30 ақын мен 30 жазушының 400-ден астам шығармасынан құралып, БҰҰ-ның 6 тілінде басып шығарылған антологиялар әлемнің 92 еліне таратылады деп күтілуде.


Оқи отырыңыз: Қазақ әдебиеті Мадрид жұртшылығына таныстырылды


Жобаны сапалы әрі жан-жақты іске асыру үшін Ұлыбританияның Кэмбридж университеті, Испанияның Сервантес институты, Ресей Жазушылар одағының Мәскеу филиалы, В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті және т.б. халықаралық ұйымдардың сарапшылары мен белді ғалымдар тартылды.

Жобаны ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған «Ұлттық аударма бюросы» ҚҚ-ы іске асырды.

madeniportal.kz

author

Ақберен Елгезек

АҚЫН

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...