Желіде жалған ақпараттық шабуылдар тіркеліп жатыр

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
356

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы желіде орынсыз ақпараттық шабуылдарды тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Дауыс беру рәсіміне сенімсіздік тудыруға бағытталған фейк, тіпті манипуляция жасайтын жазбалар анонимді, жаңадан ашылған аккаунттар арқылы таралған.

Мұндай жарияланымдардың көбі Threads , TikTok және Facebook платформаларында байқалады. «Бюллетеньдерді жаппай тастау» туралы мұрағаттық бейнероликтер, дауыс берушілер аз деген негізсіз хабарламалар, учаскедегі қақтығыстар туралы шетелде түсірілген ескі видеолар тараған.

Әрбiр осындай факт бойынша заңда белгiленген тәртiппен тексеру жүргiзiледi. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды мұқият болуға, расталмаған жарияланымдарға сүйеніп, асығыс қорытынды жасамауға шақырады.

Дауыс беру барысы мен оның қорытындысы туралы ресми мәліметтерді тек уәкілетті мемлекеттік органдар жариялайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Францияда полиция әкесі бір жылдан астам уақыт фургонда ұстаған 9 жастағы баланы құтқарды, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық ба...