Астаналық полицей Андрей Малаховтың шоуында бүкіл Ресейді дүр сілкіндірді

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1616

Учаскелік полиция инстпекторы Андрей Малаховтың шоуында ресейліктерді таң қалдырды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Астана қаласы ПД учаскелік полиция инстпекторы Нұралы Тәңірбергенов Ресейге арнайы барып келді. Ол Андрей Малаховтың кешкі шоуында, “Россия 1" телеарнасында "Cheri cheri Lady"әнін орындады.

Нұралы техникалық жағынан күрделі әнді орындай отырып, жоғары интонацияны, дауысты жақсы меңгеруді және таза вокалды көрсетті. Ол өзінің өнерін әлеуметтік желідегі парақшасына да салды.  Қазақстандықтар полицейді шын жүректен құттықтап, мақтаныш сезімін оятқанын жеткізді.

"Андрей Малахов керемет. Біз өз жерлестеріміз туралы оның бағдарламасында ғана білеміз. Бізде қанша талантты адам бар. Неліктен біздің елде оларды көрсетпейді”, "Андрей Малаховқа орден беру керек”, “Біздің қазақтар бәрін жасай алады. Олардың теңдесі жоқ", – деп жазды оқырмандар.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...