“Нағыз надандық осы шығар”. Сәкен Майғазиев Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Фото: инстаграм парақшасынан

Жаңалықтар
798

Әнші Сәкен Майғазиев марқұм Шерзаттың, Жітіқарада өрттен көз жұмған 5 баланың оқиғасына пікір білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Танымал әнші Сәкен Майғазиев елде болып датқан соңғы оқиғаларға қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. Әнші бірінші Шерзаттың өлімі, үйіне қойылған өрт пен бір үйдің бір түнде қайтыс болған 5 баласы туралы оқиғалардың қабырғамызды қайыстырғанын айтқан. 

"ҚҰДАЙдан қорықпағаннан қорық. Жығылғанға жұдырық. Қыршын кеткен Шерзаттың, өлімі мен бүгін түнде орын алған өрт оқиғасы, кешегі Жетіқарадағы бес бірдей баланың өртке оранып бақилық болғаны баршамыздың қабырамызға қатты батып жатыр", - деп жазған өнер иесі. 

Сондай-ақ, Сәкен Майғазиев қара жамылып отырған отбасының үйін қасақана өртеген болса бұл нағыз надандық екенін де тілге тиек еткен. 

"Бүгін түнде болған өрт неден шыққанын құзырлы органдар анықтай жатар. Егер шындығында қасақана қастандықпен қолдан қойылған от болса, нағыз надандық, мейірімсіздік, имансыздық осы шығар", - деп ойын ашық білдірген. 

Өнер иесі сөзінің соңында әділ шешім шығатынына сенетінін айтып, "Шерзаттың және бес баланың жаны ЖӘННАТта болсын" деп аяқтаған. 

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...