Ұлытау облысында бос орындар жәрмеңкесі өтті

ЖАҢАЛЫҚТАР
1512

Ұлытау облысы бойынша Жезқазған, Сатпаев, Қаражал қалаларында және Жанаарқа, Ұлытау аудандарында жұмыссыздықты азайту мақсатында «Бос орындар жәрмеңкесі» өтті.

Жәрмеңкеге барлығы 294 жұмыссыз азамат қатысты, 140 жұмыс беруші әртүрлі салаларда 491 бос жұмыс орындарын ұсынды.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша 163 адам жұмыспен қамту орталығының мамандарынан толық кеңес алды, тұрақты жұмыс орындарына 52 адам жолдама алды. Уақытша жұмыс орындарына, оның ішінде: қоғамдық жұмысқа 14 адам, күміс жас жобасына 7 адам, алғашқы жұмыс орнына 1 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 1 адам жіберілді. 

Кәсіптік қысқа мерзімді оқытуға 24 адам жазылды. Халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан Бастау Бизнес оқуына 25 адам жіберілді.

Шоу-бизнес

Әлеуметтік желіде Ерке Есмаханның сахнада тұрып 16 жастағы оқушымен құрған диалогы қызу талқыға тү...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желілерде Таразда Алматы облысы Іле ауданы мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиевтің аяус...