Георгий Андреевич санаулы физиктердің арасында Мәскеуде ғана танымал адам болатын.Мамыр айының...
Б.Мәкенұлы Абай туралы екі ауыз сөздің басын құрап сөйлей алмады
Ұлы ойшыл, кемеңгер ақынымыз Абайдың есімі қашан да қазақ халқымен қатар айтылады, артында қалдырған баға жетпес мұрасы - біздің қастерлі қазынамыз" деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев, ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай өзінің Instagram-дағы парақшасында.
«Ұлы ақынның есімі қашан да қазақ халқымен қатар айтылады, артында қалдырған баға жетпес мұрасы - біздің қастерлі қазынамыз. Келер жылы Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы келе жатыр, өздеріңіз білетіндей, мамыр айында Абайдың мерейтойын республикалық деңгейде атап өту жөнінде Жарлыққа қол қойдым. Кемеңгер ақынның мұрасын насихаттау шараларына дайындық қазірден басталып кетті. Абайды ұлықтау – парызымыз», -деп атап өткен ҚР Президенті.
Сонымен қатар Абай ескерткіші жанындағы алаңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы мен «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі дайындаған Абайдың 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» атты рухани танымдылық шара өтті.
«Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дайындаған
Аты айтып тұрғандай рухани танымдылық шара әкімдіктің есеп үшін ұйымдастырылатын қатардағы көп "шарасының" бірі ретінде өтті. Оған Абай ескерткішінің айналасына жиналған 30-40 адам куә. Аталған шараға елорда әкімі Алтай Көлгінов келмеді. О кісі ұлы Абайдың туған күніне орай ұйымдастырылған шағын шараны менсінбеді немесе қолы босамаған болар. Орнына орынбасары Бақтияр Мәкенұлы келді.
Елорданың ішкі саясат, жастар саясаты және ақпарат, мәдениет, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, дене тәрбиесі және спорт мәселелері жөніндегі актілердің және Әкімнің тапсырмаларын іске асыруды ұйымдастыратын Бақтияр Мәкенұлы Абай Құнанбайұлы туралы екі ауыз сөздің басын құрап сөйлей алмай, қағазға жазылған сөзді ежіктеп әрең оқығаны көпшіліктің көңілінен шықпады.Жиналған қауым әкім орынбасарының бұл әрекетіне көңілі толмады. Көбі кейіп қайтты. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталатын, қазақ елінің бас қаласы – Нұр-Сұлтан шаһарында маңдайы жарқыраған, ұлт руханиятының алтын діңгегі іспетті ұлы тұлғалары туралы тереңнен тартып сөйлейтін білімді, білікті, қазақ тілінде еркін сөйлейтін басшылардың болмауы өкіншті-ақ!
Арман Шора