«Мұңмен алысқан адам» -Ташкентке сапарлады...(жолсапар алдындағы ой).

ӘДЕБИЕТ
2794

Алдияр оқырманым, имандай шыным, осы уақытқа дейін азды-көпті біршама драмалық туындылар жазған екенбіз, алайда бәрінің бірдей жолы болып жатыр, сахнадан сахнаға алма-кезек ауысып жатыр десек, артық сөз шығар, сірә! Бірі жалғыз-ақ рет қойылып, қайталап сахналанбады, кейбірі он жылдап сахнадан түспей қойды, енді бірінің жолы таласқа иектеп, тастаққа тартты, тағы бірінің... бағы жанбады – көркем дүниенің де кәдімгі жаны бар адам секілді тағдыры болады білем! 

Мына «Мұңмен алысқан адам» жазылғалы бері он жылға тақап қалыпты – осы кезеңде сан рет сахналанды, еліміздің талай жерлерін аралады, тіпті ағылшын тілінде де сөйлеп үлгерді! Енді, міне, көршілес Өзбек еліне де сапарлап бара жатыр! Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық драма театры гастролдік сапармен Ташкентке бет алды деген хабар жетісімен дереу елеңдескенбіз – өйткені екі бірдей қойылымның біреуі біздің туынды екен! Бірі І.Есенберлиннің «Кенесары ханы» болса, екіншісі - «Мұңмен алысқан адам» екен! Осы мәдени шараға орай арнайы шақырту да алдық. 

Сонымен, бүгін кешкілік, Алла қабыл көрсе, Ташкент ұшамыз. Ертең, яғни маусымның 4-і күні сағат 15-ОО-де Хамза атындағы өзбек академиялық драма театрының сахнасында – «Мұңмен алысқан адам!» Қаны бір туыс елдің патшакөңіл көрермендерімен бірге біз де сол театр залында қатар отырып, өз қолымыздан шыққан шығарма бойынша спектакльді тамашаламақпыз! Ұлттың жан сусатар киелі өнері десе ішкен асын жерге қоятын қаламдас-әріптестер мен туыс-бауырлар хабардар бола отырсын деген ниетпен жазып жатқанымыз ғой. 

Аман-сау қайта қауышқанша, Қазақ елі!!!

Жолтай Әлмашұлы

author

Жолтай Жұмат-Әлмашұлы

ҒАЛЫМ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...