Өтежан Нұрғалиев: Абай — жай ғана ақын. Европада шамамен мұндай бес жүз ақын бар

ӘДЕБИЕТ
18501

Өтежан Нұрғалиев пен Олжас Қасымның рухани әңгімесі



Мен Өтекеңді бір көрсем деп кішкене кезімнен бері армандап келдім. Бесінші сынып оқып жүргенімде кітап оқығым келетін. Оның ішінде поэзиялық кітап. Cосын әкемнен бір күні өлең кітаптардың ішінен қайсысын оқысам болады дедім. Әкем маған жұқалау келген кішкене ғана кітап ұсынды. Ол — Өтежан ақынның кітабы еді. Өтекеңмен  Жазушылар Одағында кездестім. Сосын бір күні тағы кездесіп екеуара әңгіме жасадық. Сол әңгіме-сұхбатты назарларыңызға ұсынбақпын. Ақын қалай айтты мен сол күйінше түсірдім.



Сіз азуын айға білеген ақындардың бірісіз. Жазба поэзиямыздың іргетасын қалаған Абайымызды да кейде мойындамайды деп естідік…

Абай — әр уақытта да тамақта тұрған қылтан сияқты. Сен қаншалықты ақын болсаң да, Абайдан кейін екінші боласың. Абай — жай ғана ақын.  Европада шамамен мұндай бес жүз ақын бар. Мұны всемирный скорость дейді. Өте қайғыдан басқа ештеңесі жоқ. Оның смертный нүктесі жоқ.

Абайды ұлы ақын деп онда неге атаймыз?

«Ұлы» деген сөз түбі өледі. Біраздан кейін ұлы болғысы келмейді. Ұлы дәрет деген де болады. Дәреттің ұлы болғаны не, бәрібір дәрет. Дәрет деген сөз осы бойда ең үлкен нәрсе деген сөз ғой. Ұлы деген емес, ұлық қой әуелдегі аты. Ұлы деген сөз жоқ, барабаны түсіп қалған ғой. Ұлы деген жаңа сөз. ХIХ ғасырда пайда болған. Арғы жағында ұлы деген сөз жоқ. Ресей билегеннен кейін ұлы деген сөз шыққан ғой. Ұлық деген сөз басқа… Әне, ұлық келе жатыр дейді. Сол ұлы. «Ұлы» сөзі жек көргенде улы болып өзгеріп кетеді. Төлеужан Ысмайылов улы Сталин дейтін. Дүниедегі ең құрметтісі, ең қорқыныштысы жылан ғой. Жылан өз заманында патшалық құрған. Жылан бұрынғы жердің бетіндегі ең ақылды, әрі күшті жануар. Жер жаралғанда адамды бірінші аздырған да жылан. Адам жердің бетінде тек жұмақта жүретін жан. Cол жыланның аздыруымен адам азған. Улы болатыны сол. Жыланның барлық қасиеті – тілінде. Бір миллиграмы пілді құлатады. Ақынның сөзі солай болуы керек. Өмірзақ Қожамұратов секілділер бола алмай қалғандар. Бола алмай қалғандар өте көп. Қожамұратов Айбергенов қой. Айбергеновтің ойыны.

Өткенде Өмірзақ Қожамұратовтың кешінде Аманхан Әлім «Төлегендер Өмірзақтың шекпенінен шықты»,- дейді. Сіз екеуі бір-бірімен тұссас дейсіз. Негізі қайсысының поэтикалық қуаты мықты?

Екеуі бірдей. Қатар ғой бәрі. Сен секілді қазақта мың ақын бар. Ең кемі. Тура сендей. Сен олардан озықпын деп ойлайсың. Олар сенен озықпын деп ойлайды. Бірақ, ұзын саны мың. Қатар келе жатырсыңдар. Шауып. Бірдей барып тиесіңдер. Қандай уақытта көтерсе сен соның ішінен біреу болып шығасың.

Сіз әдеби ортаға жарқ етіп қай өлеңіңізбен шықтыңыз?

Мені шығарған кім ғой… 1948 – 50 жылдары қазақтың барлық ұлыларын, қаймақтарын түгелдей қуды. Жұмыстан. Ең тәуірлерін түрмеге салды. 50 жылдан бастап… 1937 ден кейінгі толқын сол… 1937 жылдары түгел ұсталды ғой. Оларды ұстатқан Сәбит Мұқанов. Қазақтың «ең ұлы» ақыны ғой. Өзі аман қалды. Бірақ, жұрт өй деп айтпайды. Сәбит әлі аман келе жатыр. Сәбит деген сөз Ғабит, Ғабит деген — Ғабиден, Ғабиден деген — Мұхтар. Барлығы бір адам. Сол кезде пустота болды. Мүлдем ақын жоқ. Барлығы жаман ақындар. 50 жылдан 56 жылға дейін оқып көр.

Төлеужанның «Марксизм және империялық стиль» деген бір өлеңі бар. Ол өлең «Егемен Қазақстанға» шықты. Ол бір өлең әдебиет жасай алмайды ғой. Ешқандай ақын жоқ. Сол тұста Жұбан Молдағалиев редактор болды. Сосын ақын жасау керек болды. Оралдан ешкім жоқ. Гурьевтен іздеу керек болды. Гурьевте ешкім жоқ. Шығарып көреді, барлығы нашар. Сосын таңдау маған түсіп, мені Жұбан шығарды. Сол кездегі жалғыз журнал — «Жұлдыз», бас редакторы — Жұбан Молдағалиев болды. Оның орнында Қуандық Шаңғытбаев қалған. Қуандық маған хат жазыпты. «Сенің өлеңіңді оқыдым. Сенің өлеңіңдей өлең тек қанаПушкинде бар. Басқа ешкімде жоқ. Сенің үш өлеңіңді бірден бастым «,- деді.

— Қандай өлеңдеріңіз шықты?

Көктем деген өлең жаздым. 3 шумақ. Оқып берейін бе?

— Ия. Оқып беріңіз?

Бой бермей барады өзен алып-қашып,

Жүр дей ме, жүгір дей ме нағыл дейді.

Алыста асау бұлттар қамшыласып,

Төбемде тамшы үзіліп тамылжиды.

 

Көк аспан жоғалтқан ба әруағын,

Тентек болып, тез келіп, неге кетті?

Бел қалды бұраң қағып, биші сағым...

oljeke.wordpress.com

author

Олжас Қасым

АҚЫН

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...