«...ҚАСАҢ ТІЛ, ӨЛІ ОБРАЗ...»

ӘДЕБИЕТ
1472

Сөз мырза алдымнан ойқастап шыға келді. Әдеттегіше асқақ қарап, айбарланып тұр. Мені, бәлкім басқа біреуді ме – әйтеуір бір кісіні сын садағына алғалы тұрғанын аңғартқаны бұл. Не жорық! Тоқта, үн шығарма деуге шама бар ма? Сөз – ол Сөз мырза ғой! Менің еркімді алып, алдына салып, өз дегенімен айдап келе жатқалы қанша жыл! Айтты: « Сендер осы кезде оқырманды ренжіткендерің былай тұрсын, сыншылардың да көңіліне тиіп болдыңдар. Оқырман оқуды қойса, сыншы сендер туралы тұщымды бірдеңе жазуды да естен шығарды. Себеп? Себебі – бәріңнің демей-ақ қояйын, көбіңнің жазғандарың көңілге тәтті сезімдей болып, жып-жылы қалпымен жата қоймайды, тым жадағай. Қасаң тіл, өлі образ... Идея жайынан тіл безеп, ирек қамшыламай-ақ қояйын. Сөйте тұра өкпелерің қара қазандай. «Мені көрмейді, мені білмейді» деп кеуде соққылап жатасыңдар. Қаламгерлер-ау, сендер қашан серпіліп, ескі тонды лақтырып тастап, жаңаша соқпаққа түсер екенсіңдер,а?..» Ашуым мұрнымның ұшында тұрды. Әттең, бұл Сөз мырза ғой, әйтпесе басқа біреу болса, тура жағасынан ала кетер ме ем, қайтер ем! Ол кетіп қалған соң сол бір көкжөтелдей кесір ойдың жетегінен көпке дейін шыға алмайын. Тіліміз расымен де қасаңданып кетті ме? Өлі образ дегені несі? Ау, менің тұстастарыммен тілдесе қалсаң, шетінен «классик»! Бәйгені шаппай бер дейді де тұрады. Сонда... қателесіп жүрген Сөз мырза ма, әлде... біз бе? Көркемдік-ау, сен не деген тылсымы тұңғиық қол жетпес елес-әлем елдің осы? Саған өліп-өшіп ұмтылып, шолақ тайын қамшылап, бірақ жете алмай, жарты жолда омақаса құлап қалып жатқандар қаншама! Аясаңшы оларды да! Болмаса, тұрысар жеріңді айт! Қаламгер мен Көркемдік арасындағы белдесу, сірә, жақындап, тіпті тақап келе жатқан сыңайлы. Соны, шамасы, Сөз мырза еске салып өтті білем әлгінде...

Zholtay Zhumat-Almashuly

author

Жолтай Жұмат-Әлмашұлы

ҒАЛЫМ

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...

Өнер

Қазақстанның тұңғыш Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орайластырылған мере...