Роза Аспанқызы: Менің кеңістігім - сенің жүрегің

ӘДЕБИЕТ
4844
Роза Аспанқызы, ақын***
"Менің аяқ-киіміммен жүріп көрдіңіз бе?" деймін
Жолды көрсетсе.
"Менің қайығыммен жүзіп көрдіңіз бе?" деймін
Суды көрсетсе.
"Менің ошағымдағы отқа күйіп көрдіңіз бе?" деймін
Үйді көрсетсе.
"Менің Жүрегіммен сүйіп көрдіңіз бе?" деймін
Сізді көрсетсе...

***
Ешкіммен келіспе...
Ньютонмен де,
Эйнштейнмен де.
Спиноза да қателескен.
Декарт жәй айта салған.
Менің кеңістігім - сенің жүрегің,
Сенің уақытың - менің өмірім.

***
- Қыркүйек аяқталғанша жанымнан табылшы.
Қазанда мені жалғыз қалдырма.
Қарашада алыстай көрмеші менен.
Желтоқсанның соңына дейін қасымда бол...
- Сосын?
- Сосын өмірдің соңына дейін...

***
" Өткеннің исі шығатын көне жертөлелерден,
Қараңғылықтан,
Қапастан.
Жаңбырлы түні үйге қонған бейтаныс кісінің жанарынан.
Найзағай үнінен,
Құдай үкімінен,
Сенің үнсіздігіңнен қорқамын, Жаным."

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...