Ақтөбеде өткелді су шайып кетіп, кезекшілік қойылды

Фото: видеодан скриншот

АЙМАҚТАР
262

Ойылдағы су шайып кеткен өткелде төтенше жағдайлар қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган мен әскерилер қалпына келтіру жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткел үстінен су өткені туралы ақпарат бүгін сағат 08:30–да түскен.

"Қазіргі кезде ауылға қауіп төніп тұрған жоқ. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Су шайған жерде ТЖД күштерінен 10 адам, 3 техника, жергілікті атқарушы органнан 20 адам, 3 экскаватор, 3 жүк тиегіш, 8 жүк таситын көлік жүр. Сонымен бірге төтенше жағдайлар қызметінен тағы 14 адам 5 техника жіберілді. Оларда жол талғамайтын көлік бар. ТЖМ Есет батыр Көкіұлы атындағы 20982 әскери бөлімінен де 20 адам мен 3 техника, бір моторлы қайық жіберілді", — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысындағы Қобда ауданының ауыл жолын су шайып кетті, деп хабарлады Мadeniportal.kz. Бұл ту...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымбұлақ маңында қар көшкіні болып, бір адам қаза тапты. Төтенше жағдай Комсомол шыңы аймағында болғ...