Ұлылар үндескен күн

Жаңалықтар
2615

Жампоз жырау Мұрат Мөңкеұлы мен қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың ескерткіштері ашылды.

Атырау облысы Индер ауданының орталығында екі бірдей сөз сүлейіне арналған құрмет - Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласы аясында мүмкін болып отыр.

"Сөйлемесем кім білер, Қызыл тілдің жорғасын",-деп жырлаған айтыскер ақын, әйгілі жырау Мұрат Мөңкеұлының мәңгілік мекені - Индер ауданының Жарсуат ауылы маңында. Замана сырын толғаған ақын ескерткішінің авторы - Суретшілер Одағының мүшесі Жақып Құттыбек. Ескерткішті ашу құрметі Жазушылар Одағы басқарма төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов пен Мұрат ақын ұрпағы Көшкінбай Естаевқа берілді.

"Мәңгі бақи мекенімді табу үшін Дендерден, мен де бір күн кетер ме екем бақұлдасып сендермен",-деп қазаққа таңсық гитара аспабын жыраулық өнермен шебер шендестірген бард ақын Табылды Досымовтың өмірден озғанына да биыл 9 жыл. Бар ғұмырын туған жерінің мәдениеті мен руханиятына арнаған ақынның Дендері дарынды ұлын еске алды. Таза қоладан құйылған белгілі ақын, бірегей композитордың ескерткіші - Суретшілер Одағының мүшесі Бақытбек Мұхаметжановтың жұмысы. Ақынның достары Арман Сқабылұлы мен Талғат Қайыржанов ескерткіштің лентасын қиды.Еңбек сіңірген қайраткер, белгілі ақын Светқали Нұржанның толғана айтқан сөзіне тебіренбеген жан болмады.

-Туған жердің талантты перзенттерін ұлықтау арқылы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы зор. Бұл екі ескерткіш те халықтың ойында жүрген, көптен күткен дүние еді,-деді салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов.

Дендердегі руханият мерекесіне елімізге белгілі өнер қайраткерлері, аймақтағы зиялы қауым өкілдері, Парламент депутаттары, жалпы жұртшылық жиналды.


egemen.kz

Жаңалықтар

Шерзат Полаттың туыстарының құқығын қорғайтын адвокат Карина Көшербаева қанды оқиға болған түні дүке...

Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Талғардағы Нұрымовтар әулетінің басындағы ауыр жағдайды Ішкі істер...