Түркістан облысы әкімдігінің қарамағындағы Бөген су қоймасына төтенше жағдайдың алдын алу үшін көп ф...
Алматы облысында су тасқыны болды
355
Алматы облысында күннің жылынуы мен қардың тез еру салдарынан Кеген-Нарынкөл тас жолының 60 км (40 м) және 72 км (40 м) (Қайнар және Текес ауылы, Райымбек ауданы, IV санат) жол бөлігінде су тасқыны орын алды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Фотодан: видеодан кадр
Табиғи апат 21 наурызда сағат 21:00 шамасында болған.
"ҚазАвтоЖол" компаниясының мәліметінше су ағынының ұзындығы 80 м, ал биіктігі 10 см құрады. Көрсетілген учаскеге диаметрі 1 м болатын су өткізгіш құбыр орнатылды.
Жағдайды қалыпқа келтіру үшін 10 қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды.
Қазіргі таңда еріген суды ағызу, уақытша жол белгілерін орнату және жол бөлігін тазалау жұмыстары жүргізілуде. Жол тәулік бойы бақылауға алынды. Жол қозғалысына шектеулер жоқ.