Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Ұлытау ауылынан 27 шақырым жерде қардың қатты еруіне байланысты аудандық...
Атырауда терроризмді насихаттаған 17 жастағы азамат ұсталды
251
15 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдіктегі Атырау облысының 17 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Тінту кезінде одан тергеуге қызығушылық білдіретін материалдар алынды.
Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.