Қытай АҚШ-қа қарсы тұруға әлемді шақырды

Сурет: yahoo.com

Әлем
951

Қытай АҚШ-тың қысымына қарсы тұрып, өз ұстанымынан қайтпайтынын мәлімдеді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ 

Бейжің бүгін Дональд Трамптың тарифтік шектеулеріне төтеп беретінін және ешқашан беріле қоймайтынын ашық айтты. Қытай Сыртқы істер министрлігі таратқан әсерлі бейнероликте:
«Хулиганға бас ию – шөлдегенде у ішкенмен тең», – деген тұспалды мәлімдеме жасалды.

Бұл видео Қытайдың сауда текетіресіне байланысты жария еткен кезекті батыл қадамына айналды. Екі алпауыт экономика арасындағы шиеленіс өршіп, Қытайдың өзін сенімді ғаламдық ойыншы ретінде көрсетуіне жол ашты.

Шанхайдағы Фудан университеті жанындағы Америка зерттеу орталығы директорының орынбасары Сун Гуоюй бұл туралы былай дейді:
«Қытайдың АҚШ-қа қарсы батыл позициясы мен қарсылық танытуы дамушы мемлекеттер арасында оған деген қолдауды арттыра алады».

Оның айтуынша, Қытай өзін "қаһарман" етіп көрсеткісі келмесе де, әлемде бір ел өз даусын шығарып, көзқарасын білдіруі керек.

Бұған дейін Қытайды қатаң сынап келген Трамп соңғы апталарда риторикасын жұмсарта түсті. Ол қытайлық тауарларға салынған кейбір тарифтерді — тіпті 245%-ға дейін жеткендерін — төмендетуге дайын екенін және Қытай басшысы Си Цзиньпинмен байланыста екенін хабарлады.

Дегенмен, Бейжің ешқандай шегініс жасамай отыр. Сауда соғысына дейін де экономикалық қиындықтарға тап болғанына қарамастан, Қытай Трампты өз позициясынан бас тартуға мәжбүрлеуге тырысуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...