30 жастағы мұғалім мектеп оқушысына үйленбек болған

Иллюстративное фото. Фото: Евгений Сорочин / «Газета.uz»

Әлем
2198

Ташкентте 30 жастағы мұғалімнің мектеп оқушысына үйленбек болғаны анықталды, деп хабарлады madeniportal.kz azattyq.ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Мұғалім оқушы қыз балаға қырындағаны үшін небәрі 5 тәулік әкімшілік қамауға алынған.

Оқиға 2025 жылдың 23 қаңтарында болған, 30 жастағы мұғалім бұрынғы оқушысын досымен бірге көшеде келе жатқанын көрген. Ол кәмелетке толмаған қыздың жолын бөгеп, балағаттап, телефонын алып, лақтырып жіберген, содан кейін күштеп көлігіне отырғызған.

Сотта ер адам қыз баланы жақсы көретінін, оған үйленетінін айтып, тіпті айттыру үшін үйіне адамдар жіберген. Іс қозғалған кезде қыз кәмелеттік жасқа толмаған. Сотта оның мүддесін анасы қорғап, бұл айыпталушының қырындауы алғаш рет болып тұрмағанын айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мақсат Толықбай Астана маңындағы Қабанбай батыр кесенесінің қабырғалары тұзданып, көгеріп, төбесінен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Руслан Өтепбайға сұхбат беремейін деп, кейін уәдесін бұзған...