Автобус шатқалдан құлап, 36 адам қаза болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Әлем
2832

Үндістанның солтүстік аймағында жолаушылар отырған автобус аударылып, 36 адам қаза тапты, деп хабарлады madeniportal.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

BBC-дің жазуынша, автобуста барлығы 44 адам болған, оның ішінде 36 адам көз жұмса, 27-сі жарақат алған. Жергілікті құзіретті органдардың хабарлауынша, көлік Марчула қаласы жаныдағы 50 метр тереңдіктегі орға құлап кеткен.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, оларға 200 000 рупийден (2 378 доллар) берілетінін мәлімдеген. Ал зардап шеккендерге 50 000 рупийден көмек көрсетіледі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...