Бір үйдің бес баласы түтінге тұншығып көз жұмды

Ашық дереккөзден алынған

Әлем
2423

Түркияның батысындағы Измир провинциясының Селчук уезінде жеке үйде болған өрттен бір отбасының бес баласы қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеке үйдегі электрлі пештен ақау шығып, соңы өртке ұласқан. Салдарынан ата-анасының қарауынсыз қалған бір жастан бес жасқа дейінгі бүлдіршіндер қайтыс болған.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер мен дәрігерлер бір бөлмеден үш баланың денесін тапқан, олар  көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болған. Ал қалған екеуі бірдей белгілермен ауруханаға жатқызылған, бірақ дәрігерлер оларды аман алып қала алмаған.

Қаза тапқан бүлдіршіндердің ең кішісі бір жаста, үлкені бесте. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...