Автобус үш жүк көлігімен соқтығысып, бес адам қаза тапты

Фото: ЖИ

Әлем
166

Ресейдің Краснояр өлкесінде автобус пен жүк көліктерінің қатысуымен болған жол апатынан бес адам, оның ішінде үш бала көз жұмды. Тағы 13 адам жарақат алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға Иланск-Нижнеингаш округіндегі Р-255 “Сібір” тасжолының 1080-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Канск қаласынан Иланский қаласына бағыт алған автобус қарсы жолаққа шығып кетіп, үш жүк көлігімен соқтығысқан.

Артта келе жатқан тағы бір жүк көлігінің жүргізушісі тежегішті басып үлгергенімен, көлік жол жиегіндегі орға түсіп кеткен. Құтқарушылар автобус жүргізушісін көлік құрсауынан шығарған.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, жедел жәрдем бригадалары мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы соты қоғам белсендісі Санжар Боқаевты 10 орташа қауіпсіздік мекемесінде жылға бас бостандығын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазіргі жаһандану жағдайында қоғамның тұрақты дамуы экономикалық өсіммен ғана емес, әлеуметтік әділд...