Жаңа туған нәрестені перзентханадан алып қашып кеткен әйел ұсталды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Әлем
1352

Үндістанда бір бойжеткен болашақ анамен достасып, босанғаннан кейін үш күн өткен соң оның нәрестесін ұрлап кеткен, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Times of India басылымы жазды.

Сәби 3 мамырда Мирадже қаласындағы Мемлекеттік медициналық колледж бен ауруханадан (GMCH) ұрланған. Жас әйелдің жеке басы анықталып, 24 жастағы Сара Сатхе бейнебақылау камералары арқылы табылып, 5 мамырда қолға түсті.

Өткен бейсенбіде дүниеге келген нәрестені ол өз ауылына алып кеткен. Сәбидің денсаулығына зиян келмеген, ол анасымен қайта қауышты. Белгілі болғандай, Сатхе алғашында ұл баланың анасымен және оның туыстарымен достасып, кейін сәбиді вакцина салдыру қажет деген сылтаумен алып кеткен.

Қазіргі таңда ұрлықтың нақты себебі анықталған жоқ. Осы оқиғадан кейін перзентханадағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрсұлтан Назарбаев Жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда дауыс бер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда қаласындағы №375 референдум учаскесінде көпшіліктің назарын аударған ерекше әрі тағылымды...