Фабрикада өрт шығып, 50-ге жуық жұмысшы із-түзсіз жоғалды

Фото: ЖИ

Әлем
18

Индонезияның Бантен провинциясында кондитерлік фабрика өртеніп, 50-ге жуық қызметкердің қайда екені белгісіз болып отыр. Құтқарушылар өрт орнынан адам сүйектері мен дене қалдықтары салынған жеті қапты алып шыққан. Қаза тапқандардың нақты саны әлі анықталған жоқ, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өрт 21 қараша күні кешке Ява аралының батысындағы Серанг өңіріне қарасты Чиканде ауданында шыққан. Жалын PT Fonusa Agung Mulia компаниясының үш қабатты фабрикасын шарпып, ғимараттан қою қара түтін көтерілген. Компания өкілінің айтуынша, өрт басталған кезде фабрикада 300-ге жуық адам болған. 

Іздеу жұмыстары 22 қарашада да жалғасты. Құтқарушылар жұмысшылар қалып қоюы мүмкін учаскелерді тексеріп жатыр. Алайда ғимараттың кей бөліктері опырылып, қалған тұстарының да құлау қаупі бар. Өрт сөндірушілер әлі бықсып жатқан ошақтарды сөндіруге кіріскен. 

Табылған сүйектер мен дене қалдықтары Бантен полициясының ауруханасына сараптамаға жеткізілді. Полицияның мәліметінше, бір қапта бірнеше адамның дене қалдығы болуы мүмкін. Сондықтан мамандар олардың кім екенін анықтау үшін із-түзсіз жоғалған жұмысшылардың туыстарынан ДНҚ үлгілерін алып жатыр. Бұл жұмыс екі-үш аптаға созылуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында 14 жастағы Асылбек соққыдан кейін ес-түссіз жатыр. Туыстарының айтуынша, жасөспірім...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Дүйсенбі, 23 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Солтүстік Қ...