Гонконгтағы өртте 44 адам қайтыс болды

ашық дереккөзден алынған

Әлем
870

Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде болған жойқын өрт салдарынан кемінде 44 адам қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы бейсенбі, 27 қараша күні таңертең өткен баспасөз мәслихатында Қытайдың арнайы әкімшілік ауданының басшысы Джон Ли мәлімдеді.

Бұған дейін 36 адамның қаза тапқаны, 279 адамның із-түзсіз жоғалғаны хабарланған болатын. Билік таратқан ақпаратқа сәйкес, тағы 29 адам ауруханаға жеткізілген, олардың жетеуінің жағдайы ауыр.

Сәрсенбі күні қаланың солтүстігіндегі Тай По ауданында басталған өрт бамбуктан жасалған құрылыс ағаштары арқылы жылдам таралып, бірнеше көпқабатты ғимаратқа ауысқан.

Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, Wang Fuk Court тұрғын үй кешенінің сегіз корпусының кемінде бесеуі өрт құшағында қалған.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...