8 сәуір, сейсенбі күні кешке Доминикан Республикасында түнгі клубтың төбесі құлап, кемінде 79 адам қ...
«Нева» тасжолындағы Toyota көлігінде екі бала тірідей өртеніп кетті
ашық дереккөз
310
Санкт-Петербургтегі М-11 «Нева» тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Toyota Highlander көлігі жол жиегіндегі қоршауға соғылып, кейін өртеніп кеткен, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы «Бриф24» жазды. Көлік ішінде барлығы бес адам болған. Оның ішінде екі бала және үш ересек адам бар. Жол апатынан кейін зардап шеккендердің барлығы түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Алайда көліктегі екі бала — 14 және 9 жастағы ұлдар — оқиға орнында қаза тапты.
Қазір жол-көлік оқиғасының нақты себептері анықталып жатыр.