Түркияның 50-ге жуық провинциясы орманға кіруді уақытша шектеді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Әлем
1533

Түркияның орман өрттерімен күрес жөніндегі комиссиясы 2025 жылдың 30 қарашасына дейін елдің 47 провинциясында орман алқаптарына баруға уақытша тыйым салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Қазақпарат жазды. Осы шешім Түркияның ондаған провинциясының губернаторлары қолдап, метеорологиялық болжамдарды саралағаннан кейін мақұлдаған.

Комиссия шешіміне сәйкес, Түркияның кейбір өңіріндегі аномальді ыстық пен орман өрттері қаупіне байланысты мынадай аймақтарда орманға кіруге тыйым салынды: Қаратеңіз жағалауындағы 11 провинция, Мәрмәр теңізі өңіріндегі 10 провинция, Эгей теңізі бойындағы 8 провинция, Жерорта теңізі аймағындағы 8 провинция, Анатолияның оңтүстік-шығысындағы 3 провинция, Шығыс Анатолиядағы 2 провинция және Орталық Анатолиядағы 5 провинция.

Айта кетейік, соңғы күндері Түркияның бірнеше провинциясында, соның ішінде Измир мен Сакарья аудандарында өрт сөндірушілер орман өрттерімен күрес жүргізіп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...