Жәрдемақыдан бас тартқандар оны қайта рәсімдей алады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
81

Осыдан бір ай бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан ерікті түрде бас тарту» цифрлық сервисін іске қосты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жүйе тек әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды алып жүрген азаматтарға ғана қолжетімді. Ал мұндай төлемдерді алмайтындар сервисті пайдалана алмайды.

«Әлеуметтік төлемнен немесе жәрдемақыдан ерікті түрде бас тарту азаматтың болашақта мемлекеттік қолдау алу үшін қайта өтініш беру құқығын шектемейді. Өмірлік жағдайы өзгерген жағдайда азамат тиісті төлемді қайта тағайындау жөнінде өтініш бере алады. Өтініш қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен және төлем тағайындау талаптарына сәйкес қаралады», – деп хабарлады министрлік.

Әлем

Оқиға Хайбер-Пахтунхва провинциясының Кохат ауданында болған. Қарулы адамдар полиция қызметкерлері о...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды балағаттаған Виолетта Паршинаға іздеу жарияланды. 52 жаст...