Желтоқсаншыларды балағаттаған әйелге іздеу салынды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
171

Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды балағаттаған Виолетта Паршинаға іздеу жарияланды. 52 жастағы әйел ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мәліметке сәйкес, Паршинаға қатысты іздеу 10 қарашада тіркелген. Қазір оны Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция басқармасы іздестіріп жатыр. Тергеу дерегінше, әйел құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүр.

Жанжал биыл сәуір айында басталған. Сол кезде Threads әлеуметтік желісінде Виолетта Паршинаның Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қорлаған пікірлері тараған еді. Ол көтеріліске арналған жазбалардың астына қатысушыларды «маскүнем», «ақымақ», «ауылдың мәңгүрттері» деп атаған. Сондай-ақ желі қолданушылары оның қазақ халқына қатысты өзге де қорлайтын сөздер жазғанын анықтаған.

Бұл жағдай қоғамда үлкен наразылық туғызды. Қазақстандықтар әйелді жауапқа тартуды талап етіп, құқық қорғау органдарына шағымданған. Кейін полиция оның жеке басын анықтап, бөлімшеге жеткізді.

Әлем

Оқиға Хайбер-Пахтунхва провинциясының Кохат ауданында болған. Қарулы адамдар полиция қызметкерлері о...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Осыдан бір ай бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Әлеуметтік төлемдер мен...